оңға|нобай|439x439 нүкте|«Гитлер өлі»: американдық әскери Stars and Stripes газетасының мұқабасы, 2 мамыр 1945 жыл. нобай|300x300 нүкте|Ева Браун және Гитлер (иті Блондимен бірге), маусым 1942 Адольф Гитлер 1945 жылдың 30 сәуірінде, дүйсенбі күні 15:26 мен 15:30 уақыттың арасында өзінің фюрербункерінде оқатар қарудан өзі-өзіне қол салды (осы уақытта Қызыл армия рейхстагтың бірінші қабатын алып, рейхсканцеляриядан 700—750 метр және фюрербункерден 450—500 метрде орналасқан)Гитлердің соңғы күндері: «Өлімге дайындалуы» «…30 сәуірде… түстен кейін Адольф Гитлер өз-өзіне қол салды...». Оның әйелі, Ева Браун да калий цианидін қабылдау арқылы өзін-өзі өлтірді. Сол күні, Гитлердің бұрын жасаған нұсқаулығына сәйкес, олардың денелерін баспалдақпен бункердің қосалқы шығысы арқылы бақшаға шығарып, шұңқырға қойып, жанармай құйып өртеді.

Кеңестік тарихнамада Гитлер нацисттердің көпшілігі сияқты уды (калий цианидін) қабылдап қайтыс болды деген пікір қалыптасқан еді, себебі кеңестік аутопсия туралы есеп бойынша, болжамды Гитлердің мәйітінің аузында әйнек сынықтары мен «жұқа қабырғалы ампула» табылған. Ресми Батыс хаттарға сүйенгенде, Гитлер оқатар қарудан өлді. Куәгерлердің бірі Гитлердің мәйітінде аузына ату арқылы өзін-өзі өлтіру белгілері болғанын көрсетті, бірақ кейіннен бұл мүмкін емес деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, Гитлер улы ампуланы тістеп алып, бір уақытта өз-өзіне тапаншадан атқаны, осылайша екі өлім құралын да қолданған нұсқасы бар. Бірқатар қазіргі батыс тарихшылары Кеңес Одағының нұсқасын үгіт-насихат ретінде қабылдайды.

Тағы қараңыз Адольф Гитлер Рейхстаг (ғимарат)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Борис Львович Хавкин, д. ист. наук, профессор Историко-архивного института РГГУ. Зачем Сталин обманывал маршала Жукова. Засекреченная смерть нациста № 1 // НГ, 5.06.2020

Санат:Адольф Гитлер Санат:Германия тарихы