Сайфуддин Азизи (Азизи́; , ; 1915—2003) — Қытайдың мемлекет және саяси қайраткері, ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының бірінші төрағасы болды.Азизов Сайфутдин (Azizov, Saifuddin). https://famous-birthdays.ru/data/12_marta/azizov_sajfutdin.html
Өмірбаяны 1915 жылы 12 наурызда Шәуешек қаласына жақын Артуш ауылында дүниеге келген.АЗИЗИ Сайфутдин https://centrasia.org/person2.php?st=1188755737 Шыңжаң мектебінде оқып, Кеңес Одағына көшіп, КОКП құрамына кіріп, Ташкенттегі Орталық Азия саяси институтында оқуын жалғастырды. Содан кейін еліне оралды. нобай|солға|250px|Мао Цзэдун және Сайфуддин Шығыс Түркістан революциялық Республикасында білім министрі, сондай-ақ Чжан Чжичжун Үкіметінде білім беру мәселелері жөніндегі уәкіл (1945 жылдан 1948 жылға дейін) болып жұмыс істеді. 1949 жылдың жазында Қытай Халық Республикасын жариялау мақсатында шақырылған Халықтық саяси консультативтік кеңестің отырысына қатысу үшін Бейжіңге жіберілген Шығыс Түркістан революциялық Республикасының екінші делегациясын басқарды.
Сол мақсатпен жіберілген алғашқы делегация, ресми мәліметтер бойынша, ұшақ апатынан толық құрамда қаза тапты.Упавший самолет изменил историю целого государства http://baik-info.ru/upavshiy-samolet-izmenil-istoriyu-celogo-gosudarstva Бірінші делегацияның жетекшісі Ахметжан Касыми осы аймақтың Қытаймен бірігуінің қызу қарсыласы болып саналғандықтан, И.В. Сталин мен Мао Цзэдунның сөз байласуы салдарынан Кеңес Одағының арнайы қызметі ұйымдастырған деген нұсқалар бар. Сайфуддин Азизи бастаған жаңа делегация Шығыс Түркістан Республикасының жаңадан құрылған Қытай Халық Республикасының құрамына кіруіне келісім берді.Азизов Сайфутдин https://redday.ru/people/Azizov_Sajfutdin
1949 жылы қыркүйекте Сайфуддин жаңа коммунистік үкіметтің мүшесі бола отырып, ҚКП бекіткен Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесіне кірді. Сол жылдың қазан айында Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Сайфуддин жаңа үкіметтің ұлт істері мен саяси-құқықтық жұмыстарында әртүрлі қызметтерді атқарды. 1949 жылдың желтоқсанынан 1950 жылдың қаңтарына дейін ол Мао Цзэдунмен бірге Мәскеуге Қытай-Кеңес достық шартын жасау үшін барған сапарында бірге болды. 1998 жылға дейін саяси қызметпен айналысты.Азизов, Сайфутдин https://www.peoplelife.ru/4923
Сайфуддин Азизи науқастан 2003 жылы 24 қарашада Бейжіңде 88 жасында қайтыс болды.Прощание с телом Сайфудина Азизи http://russian.people.com.cn/200311/27/rus20031127_84424.html
Дереккөздер
Санат:Қытай саясаткерлері Санат:КОКП мүшелері