Айбек (шын есімі Әділбек) Нәби (1985 жылы 19 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келген) — автор, аудармашы, филолог.

Білімі 2007 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Филология факультетін тәмамдаған. 2012 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде Дінтану факультетінің магистратурасын бітірген. 2022 жылы Мәскеу Психоанализ институтында "Экзистенция психологиясы және логотерапия" бойынша магистратурада білім алуда

Еңбек жолы 2007 жылы Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасынан бастады. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Ақпарат және Байланыс министрлігінде қызмет атқарған. 2010 жылы «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-мұражайында ғылыми қызметкер болды.

Кітаптары 2012 жылы «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен кітаптар шығарып бастады. 2013 жылы «Әлдиден эпосқа дейін»; 2014 жылы «Салт-дәстүр сөйлейді»; 2015 жылы «Сияр Шәріп»; 2016 жылы «Логотерапия және өмірге құштарлық»; 2017 жылы «Яссауи феномені»; 2018 жылы «Махабаттың мәні»; 2019 жылы «Экософия немесе киелі табиғат», «Мың сұрақ» кітаптарын құрастырып шығарды. 2020 жылдан бастап «Шетел әдебиеті» сериясымен жиырмаға жуық кітап әзірледі. 2021 жылы «Бейсен және Болмыс», 2022 жылы «Қисса сүл-әнбия» кітаптарын құрастырды.https://otbasy.com/about

Дереккөздер