Ешкітау – Терісаққан өзені алабындағы тау.

Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Аққошқар ауылының оңтүстігінде 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 373 м. Архей және протерозойдың күшті метаморфтанған және дислокацияға ұшыраған жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырақты өңірінде, дала өсімдіктері жусан, бетеге, бұта, қарақат, қайың, терек өседі. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Арқалық қалалық әкімдігі таулары