Жыланды – Имантау және Зеренді тауларының аралығындағы жота.

Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылының солтүстік-батысында 23 км-ге созылған, енді жері 5 км.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 609 м. Жота бірнеше ұсақ шоқылардан құралған. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты келген. Солтүстік-батысынан Шағалалы өзенінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Етегіндегі күңгірт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы бұталары, қызғылт селеу, бетеге, сәбізшөп, жусан, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Зеренді ауданы таулары