Қабанқұлақ – Айырқызыл құмының оңтүстік-шығысындағы төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылының оңтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан. Ырғыз өзенінің аңғарында жатыр.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 213 м. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай доғаша иіліп 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Төбенің оңтүстік бөлігі көлбеулеу, солтүстігіне қарай құмды төбешікті қырқаларға ұласады. Солтүстігінде Сабынкөл, оңтүстік-шығысында Соркөл көлдері, оңтүстігінде Ақмұрын, батысында Бөгенбай төбелері орналасқан.

Өсімдігі Тақыр типтес сортаңды қоңыр топырағында қара жусан, құм жусан, бұйырғын, күйреуік өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы таулары Санат:Төбелер