Лаху — Қытайдың оңтүстігінде, сондай-ақ Вьетнамның солтүстік аймақтарында, Таиланд, Мьянма және Лаоста тұратын халық. Қытайдың 56 ресми танылған халықтарының және Вьетнамның 54 ресми танылған халықтарының қатарына кіреді.
Этнонимі Лаху тілінде «ла» «жолбарыс» және «ху» «отқа қуыру» дегенді білдіреді. «Лаху» сөзі «отқа қуырылған жолбарыс еті» дегенді білдіреді. Халықтың бұл атауы тарихи тұрғыдан лахулардың негізгі кәсібі аңшылық болғанын көрсетеді.
Таралу аймағы 2000 жылғы халық санағы бойынша олар: Қытайдың оңтүстік-батысында (453,7 мың адам). Негізінен Ланцан-Лаху, Минлян-Дай-Лаху-Васки автономиялық округтері, және Пуэр округіндегі Чжэньюань-и-Хани-Лаху, Линцан округіндегі Шуанцзян-Лаху-Ва-Булан-Дайский; Мьянмада (155 мың адам). Негізінен Шан ұлттық округіндегі Ченгтун ауданында); Таиланд (54 мың адам). Чиангмай, Чианграй, Мэхонгсон, Лампанг және Так провинциялары); Вьетнамның солтүстік-батысында (15,6 мың адам). Лаитяу провинциясы; Лаос (14 мың адам) Бокео провинциясы.
Жалпы саны - 760 мың адам (2009).
Тілі Олар қытай-тибет отбасының тибет-бирма тобының лаху тілінде сөйлейді. Диалектілер: лаху на, лаху ши, лаху ньи. 19 ғасырдан бастап жазу латын әліпбиіне негізделген. нобай|оңға|200px|Лахулар Діні Дәстүрлі лаху діні политеистік. Буддизм 17 ғасырдың аяғында пайда болып, кең тарады. Қытайдағы көптеген лахулар буддистер. Христиандық 19 ғасырда Бирмада пайда болды және содан бері таралуда.
Кәсібі Лахулар қолмен атқарылатын егіншілікпен (жүгері, ішінара күріш), терушілікпен, аңшылықпен және балық аулаумен айналысады. Қолөнерден ұсталық, бамбук тоқу (жиһаздар, төсеніштер, ыдыстар) және тоқымашылық дамыған.
Өмір салты Лахулар отбасы шағын болып келеді, неке патрилокальды, матрилокалдылық пен матрилиналдықтың қалдықтары сақталған. нобай|оңға|200px|Ұлттық киімдегі Лаху әйелі Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендері тау баурайында шашыраңқы орналасқан 3-4 үйден тұрады. Тұрғын үйлері қадаларда орналкасқан, көрші халықтардың әсерінен жер үсті үйлер салынуда.
Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі – жағасыз күрте және кең шалбар. Әйелдер киімі – оң жағында ілгектері бар ұзын халат, шалбар.
Дәстүрлі тағамдары Лаху өкілдері негізінен кәдімгі күріш, көкөніс, жеміс-жидек, ет жейді. Тағамдарды кептіру және маринадтау сияқты сақтаудың кейбір әдістері бар. Лаху өкілдерінің жұмыс күндері, әсіресе мерекелерде, үйлену тойларында және қоныс тойларында самогон ішетін әдеті бар. Темекі шегу ерлер мен әйелдер арасында кеңінен таралған.
Дереккөздер
Санат:Қытай этникалық топтары Санат:Тайланд халықтары Санат:Мьянма халықтары Санат:Лаос халықтары Санат:Вьетнам халықтары