Өзбекстан Министрлер Кабинеті (), кейде Өзбекстан үкіметі () — Өзбекстан Республикасындағы атқарушы билік басындағы үкімет органы. Министрлер Кабинетін премьер-министр басқарады.
Министрлер Кабинеті экономикалық, әлеуметтік және рухани салалардың тиімділігін қамтамасыз етеді де, заңдардың, Олий Мәжілістің басқа да шешімдерінің, Президент Жарлықтары мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Министрлер Кабинетi өз қызметiнде Өзбекстан Республикасының Президентi мен Олий Мәжілісі алдында жауап бередi. Министрлер Кабинетінің қаулылары мен өкімдеріне Премьер-Министрдің өзі қол қояды.
Тарихы Өзбекстан Министрлер Кабинеті 1991 жылдың 30 қыркүйек күні пайда болды.
2017 жылдың 12 маусым күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев вице-премьер санын бір вице-премьерге азайтты.
Жалақысы 2019 жылы министрлердің жалақысы 1,727 миллион сумды (шамамен 205 АҚШ доллары) құрады.
Құрамы Бұл бөлімде Өзбекстан Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 20 шілдеден бері ағымдағы құрамы берілген.Министрлер Кабинетінің құрамы (өзбекше) (орысша) GOV.UZ. Өзбекстан Үкіметі сайты. 12 қаңтар 2021 Лауазымы Аты-жөні Партиясы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов ӨзЛиДеП Транспорт министрі Ильхам Рүстемұлы Маһкамов Жоқ Энергетика министрі Құрылыс министрі Батыр Еркінұлы Закиров Жоқ Экономика министріЖәмшид Әнуарұлы Қошқаров Жоқ Қаржы министріТимур Аманжанұлы Ишметов Жоқ Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министріНазым Бахтиярұлы Һусанов Жоқ Мәдениет министрі Азатбек Аһмадұлы Назарбеков Жоқ Ішкі істер министрі Болат Разақұлы Бабажанов Жоқ Сыртқы істер министріВладимир Имамұлы Норов Жоқ Сыртқы Сауда министрі Жәмшид Абдуһәкімұлы Қожаев Жоқ Қорғаныс министрі Баһадүр Низамұлы Құрбанов Жоқ Жоғары және орта білім беру министрі Абдуқадір Һамидұлы Тошқұлов Жоқ Халық тәлімі министрі Бахтияр Әділұлы Саидов Жоқ Туризм және спорт министріАзиз Абдуқаһһорұлы Абдуһәкімов Жоқ Спорт министрі Адһам Илхамұлы Икрамов Жоқ Су шаруашылығы министріШавкат Раһымұлы Һамраев Жоқ Әділет министріРусланбек Құрылтайұлы Дәулетов Жоқ Денсаулық сақтау министрі Бекзад Әнуарұлы Мұсаев Жоқ Төтенше жағдайлар министріАбдулла Һамидоллаұлы Қолдашев Жоқ Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министріШерзод Хотамұлы Шерматов Жоқ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі Шерзод Саиджанұлы Һидоятов Жоқ Мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Василийқызы Шин Жоқ Инновациялық даму министрлігі Ибраһим Юлчиұлы Абдурахманов Жоқ Қоғам және отбасы істері министрі Тұрсынхан Айдарұлы Құдайбергенов Жоқ
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан саясаты Санат:Өзбекстан үкіметі Санат:Өзбекстан мемлекеттік құрылымдары