Маранао (ланао, данао) — Филиппиндегі моро халықтарының бірі. Олар Минданао аралында оңтүстік Ланао және Солтүстік Ланао провинцияларында тұрады. Жалпы саны 1,2 миллион адам. (2009).
Тілі Тілі - маранао тілі. Тагал, бисай, ағылшын және араб тілдері де кеңінен таралған.
Діні Сенушілер - сүнниттік мұсылмандар. Маранаоны исламдандыру XVII ғасырда басталды.
Кәсібі Негізгі кәсіптері – балық аулау, егіншілік (күріш, жүгері, маниок, абака, кофе) және мал шаруашылығы (буйвол). Қолөнерден - торлар, балық аулау құралдары, желкенді қайықтар жасау, тоқу (абакадан), ағаштан ою, металлдарға бедер соғу (дәрет алуға арналған құмыралар, лотоктар т.б.) дамыған. нобай|оңға|200px|қолөнершілер
Өмір салты Маранао жабық қауымдастықтарда тұрады, оларды көсемдер - дато, имамдар, қажылар басқарады. Отбасы шағын, көп әйелділік кең таралған. Әйелдің отбасылық мәселелерде дауыс беруге құқығы бар, бетін жаппайды. Мұсылмандардың христиандармен аралас некелері кең таралған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүрлі елді мекендері жинақы. Тұрғын үйлері қадаларға орналасқан, бір немесе екі бөлмелі, төбесі сабанмен немесе пальма жапырақтарымен жабылып, қайық тұмсығы түрінде ойылған ою-өрнекпен (панулонг) өрнектеліп сырланған.
Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі ерлер киімі – шаровар, қысқа күртеше, ақ түсті орамал, байланған белдік, оған бетель қорапшалары ілінеді. Әйелдер киімі – саронг, кеудеше, шаровар немесе тізеге дейін тар шалбар, қол мен аяққа білезік, алқа, моншақтар, сырғалар тағады. Ерлер де, әйелдер де ұзын шаш қояды, тістердің кесу және қаралау дәстүрі бар.
Дәстүрлі тағамдары Дәстүрлі тағамдары – күріш, көкөністер, жемістер, балық және ащы дәмдеуіштер, ет тағамдары тек мереке күндері тұтынылады. Бетелді шайнау жиі кездеседі.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Филиппин этникалық топтары