2022 жылғы 29 қазанда, Оңтүстік Корея астанасы — Сеулдің Итһэуон деген ауданында Хэллоуин мейрамын мерекелеп жатқан жерде болған жаппай қыспақ. Кемі 151 адам қаза тауып, 82-і жараланған.Оңтүстік Кореяда Хэллоуинді мерекелеу кезінде 149 астам қаза тапты
Аталмыш оқиға бейбіт күнде қаза тапқандар саны бойынша 2014 жылғы 300 адам қайтыс болған “Сеуол” жолаушы салының суға кетуінен кейін ең ауқымдысы болды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша Итһэуонда орын алған оқиғада Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарының бірінде оқыған 26 жасар Ақтөбелік қыз да қаза тапқан.
Алғышарттар Сеулдің орталығында орналасқан Итһэуонда түнгі клубтар мен барлар көп болғандықтан, қала тұрғындары мен шетелдіктер көптеп кездесетін танымал аудан. Сол күні Хэллоуинді тойламаққа шамамен 100 000 жуық адам Итһэуонға жиналған. Бұл COVID-19 падемиясы басталғалы бері ұйымдастырылған ең ауқымды Хэллоуин фестивалі болды. Сондай-ақ пандемия басталғаннан бері бетпердесіз адамдар қатысқан алғашқы шара.
Жапа шеккендер + Расталған өлім саны(2022 жылғы 31 қазан, Корея уақыты бойынша таңғы 6:00) Мемлекет Өлім саны Дереккөзі Корея Республикасы Иран Қытай Ресей Америка Құрама Штаттары Жапония Аустралия Аустрия Вьетнам Қазақстан Норвегия Өзбекстан Тайланд Франция Шри-Ланка Барлығы Ұлттық полция агенттігінің мәліметінше аталмыш оқиғада кемі 158 адам қаза тапқан, Кім екені анықталған мәйіттердің 102-сі әйел, ал 55-сы ер. Жапа шеккендердің төртеуі жасөспірім, 95-і 20-29 жас арасында, 32-сі 30-39 жас аралығында болса, тоғызы қырықтан асқандар, ал қалған 13-і әлі анықталмаған. Қайтыс болғандардың жиырма жетісі шетел азаматы.
Кемі 149 адамның жарақат алғаны расталған, оның 24-інің жағдайы ауыр болған. Ұлттық Өрт агенттігі мен Ішкі істер мен қауіпсіздік министрлігі шамамен 100 жуық адам жарақаттанып, оның елуінің жүрегі тоқтап, медициналық көмек көрсетілген деп хабарлады.
Дереккөздер
Санат:Корея Республикасының тарихы Санат:2022 жылғы оқиғалар Санат:Корея тарихы