Жилкашинова Альмира Михайловна (1981 жылы 26 қыркүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген) физик-инженер. Төменгі температурада жұмыс жасайтын жел генераторларын ойлап тапқан ғалым.
Өмірбаяны 1999 жылы орта мектепті бітірген соң С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға оқуға түсті. 2004 жылы «физик-инженер» мамандығын алып, сол жылы оқуын «Физика» мамандығы бойынша магистратурада жалғастырды. 2006 жылы физика магистрі деген академиялық дәрежеге ие болып, «Физика конденсированного состояния» мамандығы бойынша аспирантураға түсті. 2010 жылы Ядролық физика институтында (Алматы қаласы) кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды. 2007 жылдан бері өзінің кәсіби мансап жолын С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –нің физика кафедрасында инженер болудан бастады. 2008 жылы осы кафедрада ұстаздық етті. 2009 жылы университетте ұжымдық негізде пайдаланатын Ұлттық ғылыми зертхана құрылып, күні бүгінге дейін сол зертханада қызмет етуде. 2010 жылы «Ядролық физика» базасында кандидаттық дисертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Ғылым жолында жеткен жетістіктері Ресей Федерациясында ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының грантының иегері; үздік инновациялық жобаға арналған «Қазақстанда жасалған» республикалық байқауының жеңімпазы; Республикалық «Үздік инновациялық бизнес жоба» байқауының жеңімпазы; Жылдың үздік ғылыми қызметкері» атағы Ұлыбританияда ғылыми тағылымдамадан өту үшін British Council грантының иегері (Imperial College London – Renewable Energy Laboratory); USAID бағдарламасының түлегі – АҚШ-та (Солтүстік Каролина – theResearchTrianglearea) «Инновациялар мен технологиялар арқылы шағын бизнесті дамыту, технологияларды коммерцияландыру» тақырыбында тағылымдамадан өткен; BOKU университетінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін TOSCA Еуропалық стипендиясының иегері, Австрия (Вена); Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ITEC бағдарламасы бойынша Үндістан үкіметінің стипендиясының иегері (жел технологиясы орталығы) (Ченай, Үндістан); «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту үшін коалициясы» АИҚ «Таза шағын энергетика» басым бағыты бойынша Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік бюджеттік ғылыми жобаларының, шаруашылық мердігерлік жұмыстардың ғылыми жетекшісі, «ҰАТД» АҚ және Темпус халықаралық жобасы қаржыландыратын жобалардың жетекшісі. 2015 жылы А.Жилкашиноваға Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі атағы берілді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Өнертапқыш әйел-2015» республикалық «Шапағат» байқауының жеңімпазы. 2017 жылы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Қазақстан» (Сфера) ұлттық павильонында А.Жилкашинова және оның командасының жаңартылатын энергия саласында әзірлеген ғылыми жобасы қойылған болатын.