Рубл () — 1923 жылдан бастап 1991 жылдың 26 желтоқсанына дейін КСРО валютасы және осы күннен кейін — Кеңес Одағы ыдыраған соң пайда болған кейбір мемлекеттердің валютасы (атап айтқанда, Тәжікстанда 1994 жылдың 8 қаңтарына дейін) болды. 1947 жылға дейін алтын шақалармен қатар айналыста болды.

Кеңестік банкноттардың көпшілігінің әрленімін безеуші және суретші Иван Иванович Дубасов жасаған.

КСРО-да 1923 жылдың қарашасынан 1924 жылдың ақпанына дейін барлық қағаз ақша белгілері Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттік ақша белгілері деп аталды. 1924 жылдан бастап 1991 жылға дейін 10 рублге дейінгі (бір шеруен) банкноттар КСРО Мемлекеттік қазынашылық билеттері, 10 рублден бастап және одан жоғары — КСРО мемлекеттік банкінің билеттері деп аталды. 1991 жылдан бастап барлық номиналдағы банкноттар КСРО Мемлекеттік банкінің билеттері деп атала бастады.

Кеңес рублі ақша реформасынан кейін 1961 жылдың 1 қаңтарында ресми түрде 0,987412 г алтынға тең болды. КСРО-да 1985 жылы 2,926 миллиард рублге сатылған алтынды зергерлік бұйымдар түрінде сатып алуға болатын, естелік алтын шақалар шығарылды. КСРО мемлекеттік банкі рублдің басқа валюталарға қатысты ресми бағамын белгіледі, осылайша 1991 жылы 25 желтоқсанда 1 АҚШ доллары 0,5571 рублге, 1 фунт стерлинг – 1,0389 рублге тең болды.

1992-1995 жылдары КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік рубл біртіндеп айналымнан шығарылды. Кеңестік рублден бас тартқан соңғы ел Тәжікстан болды (1994 ж. 8 қаңтар). Ресей 1993 жылы шілдеде кеңестік рубл аймағынан шықты.

Тарихы КСРО одақтас республикаларының тілдеріндегі рубл мен копейка атаулары Орысша рубль копейка Эстонша rubla kopikas Беларусша рубель капейка Латышша rublis kapeika Украинша карбованець копійка Литваша rublis kapeika Қазақша сом тиын Молдаванша рублэ копейкэ Қырғызша сом тыйын Грузинша Өзбекше сўм тийин Армянша Түрікменше манат көпүк Тәжікше сӯм тин Әзербайжанша манат гəпик Финше / Карелше rupla kopeekka

Экономикалық көрсеткіштер КСРО-дағы тікелей төлемдердің көпшілігі қолма-қол ақшамен жасалды. Бұл айналымдағы көп қағаз ақшаны талап етті. Рублдер Гознактың Мәскеу мен Ленинградтағы зауыттарында басылды. Рублдің сатып алу қабілетін нарық түрлері мен бағаларға байланысты мемлекет саралады; атап айтқанда, табиғи-климаттық белдеулер бойынша: I, II, III, IV.

Шекара арқылы 30 рублден асатын рублді (10 рублдік банкноттармен) шығаруға тыйым салынды. Рубл шетелде айналымға түспеді. Ауыспалы рубл Сыртсаубанктің чектері сияқты тәуелсіз төлем құралы болды.

1950 жылы негізінен шетелдік есеп айырысулар үшін рубль 0,222168 г алтын негізге орналастырылды, дегенмен оның ішкі сатып алу қабілеті сол кезде соғысқа дейінгіден де төмен болды. 1960 жылы 15 қарашада рубльдің алтынға «шаққандағы шамасы» 0,987412 г дейін өсіп, сонымен бірге 10 ескі рубл бір жаңа рублге ауыстырылды. Бұл рублді 55,5%-ға құнсыздандырды, бірақ оның құны одан әрі асыра бағаланды.

Реформаға дейінгі рубл КСРО-ның алғашқы банкноттары 1923 жылдың 23 қараша мен 18 желтоқсандағыКСРО ОАК 1923 жылғы 18 желтоқсандағы «1923 жылғы үлгідегі құны 15 000 рубль ақша белгілерді КСРО Конституциясының 34-бабында көрсетілген тілдерде шығару туралы» қаулысы. — КонсультантПлюс және 1924 жылдың 7 ақпанындағы КСРО ОАК мен ХКК шешімдеріне сәйкес шығарылған атаулы құны 10, 15 және 25 мың рубл банкноттар болды. Бірінші қаулыда белгіленген бағасы 100, 250, 500, 1000 және 5000 рубл банкноттарды шығару да қарастырылған, бірақ ол ешқашан орындалмады.

Банкноталарда КСРО Конституциясының 34-бабында көрсетілген орыс, беларус, украин, грузин, армян және түркі-татар (әзербайжан) тілдерінде жазылған жазулар және 1923 жылғы үлгідегі 6 лентадан тұратын, аталған тілдерде «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» жазылған КСРО-ның елтаңбасы болды. Барлық банкноттарға КСРО Қаржы халық комиссары Г.Я.Сокольников (1923-1926) және кассирлердің бірінің қолы болды. Түрдің сериялық нөмірі AB-12345.

Бұл банкноттар бұрын шығарылған 1923 жылғы үлгідегі РКФСР ақша белгілерімен қатар айналыста болды.

1923 жылғы серия Бейнесі Белгіленген бағасы (рубл) Өлшемі(мм) Негізгітүстері Сипаттамасы Уақыты Бет жағы Арт жағы Бет жағы Арт жағы Сутаңбасы енгізуі басылымы алынуы 155px 155px <big>10 000 155×79 жасыл КСРО елтаңбасы, атаулы құны сандармен және жазбаша,түсіндірме жазулар, Мәскеу Кремлі атаулы құны сандармен және жазбашаодақтық республикалардың тілдерінде тыныстамасы50px 23 қараша1923 1923 31 мамыр1924 155px 155px <big>15 000 қоңыр КСРО елтаңбасы, атаулы құны сандармен және жазбаша,түсіндірме жазулар, шаруа бейіні 18 желтоқсан1923 155px 155px <big>25 000 ашық күлгін КСРО елтаңбасы, атаулы құны сандармен және жазбаша,түсіндірме жазулар, қызыл сарбаз бейіні 7 ақпан1924<small>Кескін масштабы - 1 миллиметрде 1,0 пиксель.

1924 жылғы ақша реформасы кезінде алтынмен қамтамасыз етілген тұрақты валюта енгізілді, 1924 жылғы 15 ақпаннан бастап 1923 жылғы үлгідегі рублді шығару тоқтатылды. Ақша белгілерді жаңасына айырбастау 50 000:1 бағам бойынша 1924 жылдың 31 мамырына дейін (Саха АКСР аумағында - 1924 жылдың 30 маусымына дейін) жүргізілді.

1922-1924 жылдардағы реформадан кейінгі рубл

1924-1925 жылғы үлгідегі шақалар КСРО-ның белгіленген бағасы 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиын, жарты рубл және 1 рубл болатын алғашқы шақалары 1924 жылы КСРО ОАК мен ХКК 1924 жылғы 22 ақпандағы қаулысына сәйкес шығарылды. Кейінірек монета сериясына жарты копейка қосылды.

1924 жылы РКФСР елтаңбасы бар 1921-1923 жылдары соғылған күміс (50 копейка және рубл) және биллонды (10, 15 және 20 копейка) шақалар да айналымға шығарылды. Алғашқы кеңестік шақалар салмағы, өлшемі және материалы бойынша соңғы патшалық шақаларды қайталады.

1924-1925 үлгідегі шақалар Бейнесі Белгіленген бағасы Диаметрі(мм) Салмағы(г) Материалы Сипаттамасы Уақыты Қыры Бет жағы Арт жағы енгізуі соғылуы алынуы 140px <big> 16 1,64 мыс бұжыр атаулы құны, соғылу жылы «КСРО» жазуы, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!» 20 мамыр1925 1925 19271928 140px <big>1 копейка 21,3 3,27 атаулы құны, соғылу жылы,өсімдік әліптес бедерлер КСРО елтаңбасы, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!» 22 ақпан1924 1924 1925 140px <big>2 копейка 24 6,55 1924 1925 140px <big>3 копейка 27,7 9,80 1924 140px <big>5 копейка 32 16,38 1924 140px <big>10 копейка 17,27 1,8 күміс-500 бұжыр атаулы құны, соғылу жылы,өсімдік әліптес бедерлер КСРО елтаңбасы, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!» 1924 19251927-1931 140px <big>15 копейка 19,56 2,7 1924 19251927-1931 140px <big>20 копейка 21,84 3,6 1924 19251927-1931 140px <big> 26,67 10 күміс-900 жазуы бартегіс соқаны жөндеген ұста КСРО елтаңбасы, атаулы құны, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!» 1924-1927 140px <big>1 рубл 33,5 20 зауыт үстінен шығып тұрған күнді шаруаға көрсетіп тұрған жұмысшы 1924 1921 жылғы үлгідегі шақалар 140px <big>10 копейка 17,27 1,8 күміс-500 бұжыр атаулы құны, соғылу жылы,жұлдыз, өсімдік әліптес бедерлер РКФСР елтаңбасы, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!» 1924 1921-1923 140px <big>15 копейка 19,56 2,7 1921-1923 140px <big>20 копейка 21,8 3,6 1921-1923 140px <big>50 копейка 26,67 10 күміс-900 жазуы бартегіс 1921 1922 140px <big>1 рубл 33,5 20 1921 1922

1926—1931 жылғы үлгідегі шақалар 1926 жылы 6 қаңтарда КСРО ОАК мен ХКК белгіленген бағасы 1, 2, 3 және 5 копейкалық жаңа үлгідегі шақаларды соғу және шығару туралы қаулы қабылдады, бұл біріншіден, алғашқы кеңестік шақалардың ауыр салмағы мен өлшеміне байланысты болды.

Кейінірек, 1932 жылы мельхиордан (мыс-никель қорытпасы) соғылған жаңа үлгінің 10, 15 және 20 копейка енгізілді. Салмағы жағынан да, көлемі жағынан да жаңа мельхиор шақалары сәйкес күміс шақалардан ерекшеленбеді, никелдің қаттылығы мен тозуға төзімділігі олардың жоғары беріктігін қамтамасыз етті, ал оның баяу балқығыштығы ( = 1453 °C) күміспен ( = 962 °C) - жалғандардан жақсы қорғау болды.

Жаңа үлгідегі шақалардың шығарылымы алғашқы шақалар соғылған таза металдар – өнеркәсіптік және басқа да қажеттіліктерге керек мыс пен күмістің көп мөлшерін шығаруға мүмкіндік берді.

1926-1931 үлгідегі шақалар Бейнесі Белгіленгенбағасы (копейка) Диаметрі(мм) Салмағы(г) Материалы Сипаттамасы Уақыты Қыры Бет жағы Арт жағы енгізуі соғылуы алынуы 140px <big>1 15 1 қола(Cu+Al 95:5) бұжыр атаулы құны, соғылған жылы,өсімдік әліптес бедерлер КСРО елтаңбасы, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!»,жазба «К. С. Р. О.» 6 қаңтар1926 1926-1935 31 желтоқсан1960 140px <big>2 18 2 1926-1935 140px <big>3 22 3 1926-1935 140px <big>5 25 5 1926-1935 140px <big>10 17,27 1,8 никель бұжыр атаулы құны барқалқан ұстаған жұмысшы,соғылған жылы, мемлекет атауы КСРО елтаңбасы, ұраны«БАРЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ПРОЛЕТАРЛАРЫБІРІГІҢДЕР!» 27 ақпан1932 1931-1934 140px <big>15 19,56 2,7 1931-1934 140px <big>20 21,84 3,6 1931-1934

Бұл шығарылымның қола шақалары 1935 жылға дейін өзгеріссіз соғылған, оның бет жағының суреті өзгертілгенде, арт жағы 1961 жылғы реформаға дейін өзгеріссіз қалды.

1935 жылғы үлгідегі шақалар 1935 жылы жаңа шақалар айналымға енгізілді. Шақалардың сипаттамалары өзгеріссіз қалды, бірақ барлығының бет жағының суреті, ал мельхиор шақаларының арт жағындағы суреті де жеңілдетілді. Бет жағындағы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран алынып тасталып, мемлекеттің атауы пайда болды; 10, 15 және 20 копейка шақалардың сырт жағында өсімдікті жақтауда белгіленген баға мен шығарылған жылы ғана қалды. Әрленімдегі мұндай өзгеріс шақа алаңының безендіру элементтерінің көптігінен туындады, бұл өндірісте қиындықтар туғызды.

Бұл үлгідегі шақалар 1935 жылдан бастап 1957 жылға дейін шығарылды. Осы уақыт ішінде бет жағында бейнеленген КСРО елтаңбасындағы ленталардың саны Одақты құрайтын республикалар санына сәйкес бірнеше рет өзгерді: 1935-1936 жылдардағы шақаларда 6 лента, 1937-1946 — 11, 1948-1956 — 16, ал 1957 — 15 лента болды.

1947 жылғы ақша реформасы шақаларға әсер етпей, олар одан кейін өзгеріссіз соғылуын жалғастырды.

1935 жылғы үлгідегі шақалар Бейнесі Белгіленгенбағасы (копейка) Диаметрі(мм) Салмағы(г) Материалы Сипаттамасы Уақыты Қыры Бет жағы Арт жағы енгізуі соғылуы алынуы140px <big>1 15 1 қола бұжыр атаулы құны, соғылған жылы,өсімдік әліптес бедерлер «КСРО» жазуы,КСРО елтаңбасы 1935-19411945-19461948-1957 1 қаңтар1999140px <big>2 18 2 1935-19411945-19461948-1957140px <big>3 22 3 1935-1941 19431945-19461948-1957140px <big>5 25 5 1935-1941 19431945-19461948-1957 31 желтоқсан1960140px <big>10 17,27 1,8 никель бұжыр атаулы құны, соғылған жылы,өсімдік әліптес бедерлер «КСРО» жазуы,КСРО елтаңбасы 1935-19461948-1957140px <big>15 19,56 2,7 1935-19461948-1957140px <big>20 21,84 3,6 1935-19461948-1957

1924 жылғы үлгідегі банкноттар КСРО ОАК мен ХКК 1924 жылғы 22 ақпандағы қаулысына сәйкес шақалардың айналымдағы тапшылық жағдайына байланысты ақша бірліктерін айырбастау қажеттілігін өтеу үшін уақытша белгіленген бағасы 1, 2, 3, 5 және 50 копейка болатын қазыналық боналар шығарылды. Қағаз түріндегі 20 копейканың шығарылымы да дайындалып жатқан еді, бірақ ол жүзеге аспай қалды, бұл атаулы құндағы банкноттар тек үлгі түрінде ғана белгілі.

Барлық айырбас боналарда КСРО-ның 1923 жылғы 6 лентасы бар Елтаңбасы және КСРО республикаларының 6 тілінде жазылған жазулар бейнеленген, реттік нөмірі болмады, Қаржы халық комиссары Сокольников пен кассир М. Козловтың қолы бар болғаны 50 копейкада ғана болды.

Белгіленген бағасы 1, 3 және 5 рубл алтынды қазынашылық билеттер 1924 жылы ақпанда КСРО ОАК мен ХКК 5 ақпандағы қаулысына сәйкес шығарылды. Бұрынғы шығарылымдағы банкноттар сияқты оларға КСРО Қаржы Халық Комиссары Г.Я. Сокольников пен кассирлердің біреуінің қолы тұрды. Сериялық нөмірі 7 таңбалы, серияның өзі 1 рублдік билеттерде 1-3 таңбалы және 3 пен 5 рубл билеттерде 1-2 таңбалы болды.

1928 жылы су таңбасымен және жаңа Қаржы халық комиссары Н. П. Брюхановтың (1926-1930) қолтаңбасымен 1924 жылғы рублден ерекшеленетін алтынды 1 рубл билет шығарылды. Сериялары 1-3 таңбалы немесе 1-2 литерлі болды.