Ги Стефа́н Эссаме́ -' камерундық жартылай қорғаушы.
Клубтық мансабы
Клуб 2008 жылы Ги «Терек» (Грозный) клубымен келісімшарт жасастыhttp://fc-terek.ru/component/option,. Ол 2005 жылдан бастап шешенстандық клубқа ауысқанға дейін «Боависта» сапында ойнады. Ги бұрынғы клубының құрамында 22 матч өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ. 2009 жылғы 27 шілдеде «Нижний Новгород» футбол клубы камерундық жартылай қорғаушыны Грозныйдың «Терек» клубынан жалға алды http://www.fcnn.ru/index.php?newsid=655 .
Атырау 2013 жылдың желтоқсанында Эссаме Қазақстан Премьер-лигасының өкілі «Атырау» клубымен келіссөз жүргізді. 2014 жылғы 9 шілдеде, Қазақстан Премьер-лигасындағы трансферлік кезеңнің соңғы күні, Эссаме «Астана» клубына маусымның соңына дейін жалға берілді. Ал Марат Шахметов «Атырау» клубына ауысты.
Халықаралық ойындары Брассери футбол академиясында ұзақ уақыт бойы Ригобер Сонг пен Жереми Нжитаптың жетекшілігімен футбол шеберлігін шыңдағаннан кейін, ол Камерунның 17 жасқа дейінгі ұлттық құрамасын екі құрлықтық жарыста бастап шықты. Парагвай құрамасына қарсы ойыннан соң Португалияға аттанып, «Боависта» клубының сапына қосылды. Ол Камерун ұлттық құрамасының сапындағы алғашқы ойынын 2008 жылғы 11 қарашада Маврикий құрамасына қарсы өткізді.
Жетістіктері
Астана
Қазақстан Премьер Лигасы (1): 2014 жыл
Қызметтері 2009 жылдан бастап Томас Либих Ги Стефан Эссаменің бастамасымен Камерунда құрылған «Лотус-Терек Яунде» клубын жаттықтырды. 2010 жылғы қыркүйекте бұл команданың Грозныйдың «Терек» футбол клубының Камерундағы фарм-клубы екені хабарланды.
Дереккөздер