Садырбек, Сəдірбек – Балқаш көлінің оңтүстік бөлігіндегі мүйіс.
Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы Қараой ауылының солтүстігінде 64 км жерде орналасқан.
Жер бедері Жағалауының теңіз деңгейінен биіктігі 341 м. Көлге сұғына енген мүйістің ұзындығы 2 км-ге созылған, енді жері 1,5 км шамасында. Балқаш көліне мүйістің батысынан Қарабақанас өзені құяды. Сазды-батпақты жазық жағалау бойында қамыс, құрақ шоғырлары өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Балқаш көлі мүйістері Санат:Алматы облысы географиясы