Қостанай жазығы – Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігіндегі геоморфологиялық аймақ.

Географиялық орны Қостанай облысының солтүстік бөлігіндегі Қостанай, Меңдіқара, Федоров және Сарыкөл аудандары аумағын қамтиды. Батысында Орал Сырты үстіртімен, шығысында Сарыарқа ұсақ шоқылығымен, оңтүстігінде Торғай үстіртімен шектелген.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 200 м-ге дейінгі сәл белесті тегіс жер бедері тән. Көптеген көл қазаншұңқырларымен және Тобыл өзенінің аңғарлық жүйесімен күрделенген.

Өсімдігі Жазық негізінен дала және шоқ орманды дала белдемінде жатыр. Қара, қызғылт және қоңыр топырақ жамылғысында астық тұқымдас шөптесіндер басым өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазықтары Санат:Қостанай облысы географиясы