Науалы – Сарышаған шығанағынан солтүстікке қарай орналасқан аңғар. Солтүстігінде Қоңырадыр, Мыстөбе таулары жатыр.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде.
Жер бедері Ұзындығы 40–45 км, енді жері 5 км-ден 15 км-ге дейін. Мойынты өзенінің көне аңғарында қалыптасқан. Жер бедері негізінен жазық келеді. Жер асты суының тереңдігі 3–10 м. Оңтүстік бөлігіндегі тұщы сулы Бесқұдық құдығының тереңдігі 2 м, суының өнімділігі 360 л/сағ.
Геологиялық құрылымы Аңғар девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Нашар дамыған сортаңдау сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, күйреуік, бұталар өседі. Аңғар арқылы Мойынты–Шу темір жолының бір бөлігі өтеді. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан аңғарлары Санат:Қарағанды облысы географиясы