Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті — Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық партия ұйымының басқару органы (1936-1991).
1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының ішінде орталығы Петропавл қаласында болған Қарағанды облысы құрылды; 1936 жылы 29 шілдеде облыс аумағын шағындап қайта ұйымдастыру барысында Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бөлініп, орталық Петропавлдан Қарағандыға көшірілді. 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Қазақ КСР құрамына кіреді. Орталығы — Петропавл қ.
1960 жылдың 26 желтоқсанынан 1965 жылдың 16 қазанына дейін Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Целиноград облыстарымен бірге Тың өлкесінің құрамында болды.
Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННІҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 жж.) 07.1936— 03.3.04.1937: Максим Аммосов 3.04.1937— 1937: Сұлтан Сегізбайұлы 1937—1938: Николай Кузнецов 1938—1939: Нұрмұхамед Бозжанов 1939—1940: Иван Шеренгин 1940/01.1941— 1944: Василий Николаев 1944—1945: Никита Нечаев 1945—1948: Григорий Мельник 1948—1953: Николай Бобров ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 жж.) 1954—1956: Алексей Попадько 1956— 01.1958: Григорий Бойкачев 01.1958— 1963: Николай Журин 01.1963— 12.1964 (ауылдық): Кузьма Подгорбунский БРЕЖНЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 жж.) 12.1964— 11.1965: Кузьма Подгорбунский 11.1965— 04.1981: Василий Демиденко 04.1981— 27.04.1988: Владимир Степанов ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 жж.) 27.04.1988— 7.09.1991: Святослав Медведев
Тағы қараңыз Облыс әкімі
Әдебиет РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Санат:Солтүстік Қазақстан облысы Санат:Қазақстан КП аймақтық, облыстық және өлкелік комитеттері