Вуте буте, бабуте (өз атауы - вутере) — Камерун Республикасындағы Санга өзенінің жоғарғы ағысында тұратын халық. Оған негізгі этносқа жақын ұлттар: вава, галим, суга кіреді. Жалпы саны 40 мың адам.

Тілі Тілі - вуте тілі, орталық және шығыс Судан тілдеріне жатады. Бір бөлігі фульбе, мбум, бамум және т.б. сөйлейді.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: сүнниттік мұсылмандар.

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері – мал шаруашылығы (зебу), қолмен атқарылатын егіншілік (тары, ямс, таро, құмай). Қолөнерден - қоржын тоқу, ыдыс жасау сақталған.

Өмір салты Көпбалалы отбасылар қоғамдық ұйымның негізін құрайды. Неке вирилокалды.

Халық ауыз әдебиеті дамыған: аңыздар, ертегілер, әндер.

Елді мекендері түзу орналасқан. Тұрғын үйлері домалақ, қабырғалары саз балшықты (кейбір жерінде тоқылған және балшықпен жабылған) және аласа конустық төбесі бар. Саздан жасалған астық қоймалары бөтелке тәрізді.

Дәстүрлі киімдері – алжапқыш, әшекей бұйымдар.

Негізгі тағамдары – жарма, көкөністер, сүт.

Дереккөздер

Санат:Камерун халықтары