Байсейіт Құлманбетұлы (1860, Жамбыл облысы Мерке ауданы Сұрат ауылы — 1935, сонда) — би, шешен. Байсейіт би — жер, жесір дауын, екі рулы ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді әділ шешкен ел ардақтысы.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х 1896 жылы Шу өңіріндегі ысты руы қазақтарының жерін иеленбек болған Талас қырғыздарымен арадағы жер дауына төрелік айтып, дауды бітімгершілікпен шешкен. Халық арасында есімі құрметтеліп “Би ата”, “Бәже” атанған. Денесі өзі туған ауылдың тау беткейінде жерленген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер