Көктал ауылдық округі — Ақмола облысы Целиноград ауданында болған әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Көктал, Қажымұқан, Қоянды, ЛПУ-10, Райавтодор, Талапкер, Агроқалашық ауылдары және №96-темір жол айрығы кірді. Орталығы – Көктал ауылы болды. 2000 жылы Көктал, ЛПУ-10, Райавтодор, Агроқалашық ауылдары Астана қаласына қосылғаннан кейінАстана қаласының шекарасын өзгерту туралы, сол жылы округтегі қалған ауылдардан Талапкер ауылдық округі құрылды.Кейбір ауылдық округтерді ірілендіріп шекараларын өзгерту және жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктер құру туралы
Халқы 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 5406 адамды құрады.Итоги Национальной переписи населения 1999 года. Численность и размещение населения в Республике Казахстан (том 2)
Дереккөздер
Санат:Целиноград ауданының таратылған ауылдық округтері