(243) Ида — Негізгі белдеу тобының астероиды.

Оны 1884 жылы 29 қыркүйекте Иоганн Пализа Вена обсерваториясында ашты.

Грек мифтерінен белгілі болған нимфалардың біреуі Иданың құрметіне орай аталды.

1993 жылы 28 тамызда астероид жанынан Галилео ғарыш кемесі ұшқан. Ол түсірген фотоларды зерттеу кезінде Иданың серігі бар екені анықталды. Бұл астероидтарда ашылған алғашқы табиғи серік болды.

Галилео Иданың алғашқы суретін 240 350 шақырым қашықтықтан түсірді. Астероидқа ең жақын ұшуы 2390 шақырымды құрған.Images of Asteroids Ida & Dactyl

Астероидтың кратерлері мен шоқылары көп. Құрамы жағынан, негізі, оливин мен пироксендерден тұрады.

Кратерлердің көбісі Жердегі әйгілі үңгірлердің атымен аталған; ең үлкен кратер Ласко 12 шақырымға созылады.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (201—300) Жақыннан зерттелген астероидтар мен кометалар тізімі Санат:Астероидтар