Ираку иракв (басқа аты - мбулу) — Танзаниядағы Эяси көлінің оңтүстік-шығысында тұратын халық. Гороа, алава және бурунги халықтарына жақын. Саны 300 мыңға жуық адам.Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/91150/%D0%98%D1%80%D0%B0%D0%BA%D1%83

Тілі Тілі - ираку тілі.

Діні Дәстүрлі нанымдар мен культтер сақталған.Большая Советская энциклопедия ИРАКУ https://rus-bse.slovaronline.com/30480-%D0%98%D1%80%D0%B0%D0%BA%D1%83 Бір бөлігін христиандар (католиктер мен протестанттар, лютерандық шіркеуінің жақтаушылары) және мұсылмандар құрайды.

Кәсібі Ерлердің негізгі кәсібі – мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, қой мен ешкі), әйелдер – қолмен атқарылатын егіншілік (сорго, елеусина, жүгері, бұршақ, жержаңғақ). Қолөнерден кілемшелер мен себеттер тоқу, тері өңдеу, былғары және олардан бұйымдарды өңдеу, ағаш ою, мыс бұйымдарын жасау дамыған.народы мира / Ираку http://www.etnolog.ru/people.php?id=IRAU

Өмір салты Отбасы шағын, туыстық есеп патрилинейлік, матрилиндік байланыстар өз маңызын сақтаған. Фольклорға, би және ән музыкаға бай.

Елді мекендері шашыраңқы орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері екі қабатты, дөңгелек, қабырғалары тоқылған және сазбен сыланған және конустық төбесі бар.

Дәстүрлі киімдері – мақта матадан тігілген жейде мен шалбар, жамылғылар.

Негізгі тағамдары - ботқа, көкөністер, сүт, көбінесе қанмен араластырылады.

Дереккөздер

Санат:Танзания халықтары