Сасықсор – Жалаулы көлі алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жолболды ауылының батысында 22 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 88 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,1 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұзындығы 14 км. Көл жағалауы жазық, қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Оңтүстігінен шағын өзен құяды. Көл түбі тегіс, оған тұзды тұнба шөккен. Қар, жауын-шашын жəне жер асты суларымен толысады. Алабында бірнеше шағын, шалшықты-батпақты көлдер жатыр. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-онкүндігінде суы қатып, сəуір айының 1-онкүндігінде ери бастайды. Алабы шабындыққа жəне мал жайылымына қолданылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері