Семенов – Көкшетау қыратының орта бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласының шығысында 9 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 554 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлы бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км, салыстырмалы биіктігі 40–55 м аралығында. Гранитті интрузивтік жыныстардан түзілген. Беткейі көлбеу келген. Солтүстік-батысында Шортанды, солтүстік-шығысында Қотыркөл көлдері жатыр. Беткейінде қарағай, қайың орманы, етегінде əр түрлі шалғынды шөптер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Бурабай ауданы таулары