Түрікменстан қаһарманы () — Түрікменстандағы ең жоғарғы марапат. 1992 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданды. Түрікменстан қаһарманы атағын алғандар оған қоса «Алтын ай» () медаліне ие болады.

Түрікменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов бұл атақты алты мәрте алған: 1992, 1995, 1998, 1999, 2000, 2001 жылдары. «Қаһармандар» қатарына тағы Ниязовтың ата-аналары Атамұрат пен Құрбансұлтан Ниязовтар ие болғаны белгілі.

Сипаттамасы thumb|right|«Алтын ай» медалінің 1992–2014 жылғы нұсқасының орталығында Түрікменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов 2014 жылдан бері қолданыстағы нұсқасы 2014 жылы қабылданған Алтын ай медалінің нұсқасы бір-бірінен ығысқан екі шаршының бұрыштарынан жасалған кәдімгі сегізбұрышты жұлдызға жазылған шеңбердің пішініне ие. Жұлдыз алтыннан жасалған және әртүрлі өлшемдегі 128 гауһар тастармен безендірілген 48 күн сәулесінен тұрады. Медальдың жалпы диаметрі — 60 мм.

Медальдің ортасында күн сәулесінің фонында Түрікменстанның алтын картасы, оның айналасында алтын жарты ай мен бес жұлдыз бейнеленген. Айналдыра ені 3 мм жолаққа сақинаға 50 изумруд салынған.

Медальдың сырт жағында «Altyn Aý» Türkmenistanyň medaly» деген жазу және реттік нөмірі ойып жазылған.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша марапаттар Санат:Түрікменстан марапаттары