Түрікменстанның өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер партиясы (ТӨКП, , ) — Түрікменстандағы тіркелген үш саяси партияның бірі, Түрікменстан Мәжілісінде 18 депутаты бар.

2017 жылдан бері Сапармұрат Ауғанов басшылығындағы 2012 жылдың 21 тамыз күні құрылған еді. ТӨКП — тәуелсіз Түрікменстан тарихындағы ресми түрде тіркелген екінші саяси партия; тұңғышы елді бұдан бұрын бірпартиялық жүйеде басқарған Түрікменстан Демократиялық партиясы болған еді. Түрікменстан осы арқылы бірпартиялық жүйені сақтап қалған посткеңестік кеңістіктегі соңғы ел болды.

Сын Оппозициялық дереккөздер партияның мүлдем оппозициялық емес екенін, және оның құрылуы елдің демократиялануын білдірмейтінін айтып кеткен. Партия көппартиялық жүйені еліктеу үшін құрылған деп те айтылады.

Журналист Сергей Василенков сөзінше «тіпті бірнеше саяси ұйымдардың болуы саяси жүйенің шынайы еркіндігі мен плюрализміне кепілдік бермейді — елдегі оппозицияның ықпалы жоқ, ал барлық жаңадан пайда болған билік институттары әлі де үкіметтің бақылауында».

Сайлаулардағы нәтижелері Президент сайлаулары Сайлау жылы Үміткер есімі Дауыс саны (%) Нәтижесі 2017 Бекмұрат Аталыев 0,36% Сайланбады 2022 Бабамұрат Мередов 1,08% Сайланбады

Парламент сайлаулары Сайлау жылы Үміткері Мандаттар саны Ұстанымы 2013 Үкіметтіқолдайды 2018 Сапармұрат Есенұлы Ауғанов Үкіметтіқолдайды 2023 Үкіметтіқолдайды

Дереккөздер

Санат:Түрікменстан саяси партиялары