Қырғыз Республикасының Сыртқы істер, сыртқы сауда және инвестиция министрлігі () — Қырғызстанның сыртқы саясатын қадағалайтын Қырғызстан үкіметінің министрлігі. 2022 жылдан бері Қырғызстанның сыртқы істер министрі — Жиенбек Молдаханұлы Құлыбаев.

Департаменттері Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің 11 департаменті бар: №АтауыСипаттамасы1Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының департаментіҚырғызстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразия экономикалық қауымдастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және т.б. посткеңестік ұйымдардың мүше-мемлекеттерімен қарым-қатынасына жауап беретін министрліктің департаменті2Батыс елдері департаментіҚырғыз Республикасының Америка, Еуропа және Балтық жағалауы мемлекеттеріне, Еуропалық аймақтық халықаралық ұйымдарға қатысты сыртқы саясатының қағидаттары мен негізгі бағыттарын іске асыруды қамтиды3Шығыс елдері департаментіНегізгі бағыттарына Қытай, Қиыр, Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азия, Иран, Ауғанстан, Моңғолия елдеріне және Азиялық, исламдық аймақтық халықаралық ұйымдар қатысты Қырғызстанның сыртқы саясатының қағидаттары мен негізгі бағыттарын іске асыру кіреді.4Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік департаментіБіріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде республиканың сыртқы саяси мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ Қырғызстанның халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру5Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментіМинистрліктің жүйесіне кіретін басқа құрылымдық бөлімшелермен және мекемелермен келісе отырып, Қырғыз Республикасының сыртқы саясатының экономикалық бағытын, саудасын жүзеге асырады6Консулдық қызмет департаментіШетелде Қырғыз Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, оның ішінде мигранттардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды7Жалпы істер департаментіБасқарманың функцияларына Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Қырғыз Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің қызметін құжаттамалық түрде қамтамасыз ету, Қырғыз Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қырғызстанның заңнамасына сәйкес Сыртқы істер министрлігі жүйесінде іс жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастырады8Халықаралық заң департаменті халықаралық құқықтық қатынастар саласындағы Қырғыз Республикасы сыртқы саясатының қағидаттары мен негізгі бағыттарын жүзеге асыру9Валюта-Қаржы департаментіҚырғыз Республикасының заңнамасына, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге, бухгалтерлік есеп нұсқауларына сәйкес бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар бойынша шығыстар сметасын орындауды есепке алу10Мемлекеттік хаттама департаментіҚырғызстан президентінің, Қырғызстан премьер-министрінің, Жоғарғы Кеңес Төрағасының және Сыртқы істер министрінің сапарларын алдын ала дайындау, халықаралық кездесулерді ұйымдастыруда ұйымдастырушылық және хаттамалық шараларды қамтамасыз ету11Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі департамент Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытаймен мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша Қырғыз Республикасының сыртқы саясатының қағидаттары мен негізгі бағыттарын іске асыру

Дипломатиялық академиясы 2001 жылы негізі қаланған Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы Қырғызстанның болашақ дипломаттарын дайындайтын министрлік жасаған оқу орны болып келеді.

Дереккөздер