Забайкалье өлкесі (, сөзбе-сөз аударғанда Күнгей Байкал өлкесі, ) — Ресей Федерациясы субъектілерінің бірі, өлке, Сібір федералды округіне жатады.
Забайкалье өлкесінің әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Чита қаласы. Халық саны 992,429 адам болып келетін бұл субъекттің жер ауданы 431,892 км² тең.
Бұл аймақ 2008 жылдың 1 наурызында Чита облысы мен Агин-Бурят автономиялы округінің бірігуі нәтижесінде 2007 жылдың 11 наурызында өткен референдумнан кейін құрылды. 2018 жылы аймақ Қиыр Шығыс федералды округінің құрамына кірді.
Тарихы Агин-Бурят автономиялы округі мен Чита облысын біріктіру бойынша алдын-ала жұмыс 2006 жылдың сәуірінде аймақтық билік деңгейінде басталды. Агин-Бурят автономиялы округі әкімшілігінің басшысы Баир Жамсуев, Чита облысының губернаторы Равиль Гениатулин, аймақтық парламенттердің басшылары Анатолий Романов пен Даши Дугаров Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдап, 2006 жылдың 17 қарашасында бұл бастаманы ол да қолдады. Біріктіру туралы референдум 2007 жылғы 11 наурызда өтті.
2008 жылдың 1 наурызында Агин-Бурят автономиялы округі мен Чита облысы референдумы негізінде Забайкалье өлкесі құрылды.
Агин-Бурят автономиялы округінде сайлаушылардың 94% бірігуді қолдап (38,814 сайлаушы), 5,16% (2129 сайлаушы) қарсы дауыс берді. Референдумға округ сайлаушыларының 82,95% қатысты.
Чита облысында бірігуді қолдағндар 90,29% (535,045 сайлаушы) жетсе, қарсы шыққандар 8,89% (52,698 сайлаушы) болды. Референдумға облыс сайлаушыларының 72,82% қатысты.
2007 жылы 23 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин субъектілердің бірігуі жайлы конституциялық заңға қол қойды. Оны Мемлекеттік дума 2007 жылдың 5 шілдесінде қабылдады және Федерация Кеңесі сол жылдың 11 шілдесінде оны бекітті.
2018 жылдың 3 қарашасында Забайкалье өлкесі Қиыр Шығыс федералды округіне, 2019 жылы Қиыр Шығыс экономикалық ауданына (бұған дейін Шығыс Сібір экономикалық ауданының бөлігі болған) берілді.
Халқы Ұлттық құрамы 2010 жылғы санақ бойынша Забайкалье өлкесі халқының ұлттық құрамы: №ҰлтХалық саны%1Орыстар977,40089.92Буряттар73,9416.8 3Украиндар6,7430.6 4Татарлар5,8570.55Армяндар3,9430.36Әзербайжандар2,0450.3
Саясаты Ең жоғары лауазымды тұлға — Забайкалье өлкесінің губернаторы, ол сонымен қатар Забайкалье өлкесі үкіметінің төрағасы. Губернатор 5 жыл мерзімге Забайкалье өлкесінің аумағында тіркелген Ресей азаматтарының тікелей дауыс беруімен сайланады.
Биліктің өкілді органы — Заң шығарушы жиналысы, ол 5 жылға сайланатын 50 депутаттан тұрады.
2019 жылдың 8 қыркүйегінде өлкенің төртінші губернаторы сайланды. Ол — партиясыз Дондағы Ростов тумасы Александр Михайлович Осипов.
Дереккөздер
Санат:Забайкалье өлкесі Санат:Ресей өлкелері Санат:Қиыр Шығыс федералды округі Санат:Қиыр Шығыс экономикалық ауданы