Поликарп Куш (; 26 қаңтар 1911, Бланкенбург, Германия империясы — 20 наурыз 1993, Даллас, АҚШ) — американдық физик, 1955 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Жүлденің жартысын «электронның магниттік моментін дәл анықтағаны үшін» алды. Сыйлықтың екінші жартысын Уиллис Юджин Ламб алды.
АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1956) .
Өмірбаяны Куштың отбасы 1912 жылы АҚШ-қа қоныс аударды. 1936 жылы Куш Иллинойс университетінде молекулалардың оптикалық спектроскопиясы саласындағы тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1937 жылы сол университетте ғылыми еңбек жолын бастады.
Ол бөлшектердің магниттік моментін өте дәл анықтай алатын магниттік резонанс әдістерімен жұмыс істеді. Натрий, галлий және индий атомдарындағы электронның магниттік моментін анықтауға арналған кейінгі тәжірибелер теориялық болжанған мәннен ауытқуды көрсетті. Мұның түсіндірмесі, кейінірек тағы бір рет расталды, магниттік моменттегі айырмашылық кванттық механиканы қайта қарауға әкелді.
Куш 1955 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын алды.
Дереккөздер
Сілтемелер Храмов Ю. А. Каш Поликарп (Kusch Polykarp) // Физики : Биографический справочник / Под ред. А. И. Ахиезера. — 2-ші бас., өңд. және тол. — М. : Наука, 1983. — Б. 128. — 400 б. — 200 000 дана. КУШ (Kusch), Поликарп // «Наука и техника» электронды кітапханасының сайтындағы өмірбаяны Нобель комитетінің сайтынан ақпарат
Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:XX ғасыр физиктері Санат:АҚШ физиктері