Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы (қысқартқанда РФКП, ) — Ресейдің ұлтшыл және коммунистік ресми тіркелген саяси партиясы. Ресми идеологиясы — XXI ғасыр социализмі және марксизм-ленинизм. Бұл Ресейдегі «Біртұтас Ресейден» кейінгі екінші ең ірі саяси партия.
Тарихы РФКП өз негізін 1898 жылы пайда болған Ресейлік социал-демократиялық жұмысшылар партиясынан алады. Партия 1903 жылы меньшевиктер (азшылық) және большевиктер (көпшілік) партияларына бөлінді; Владимир Ленин басқарған екіншісі кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясына (КОКП) айналды және Қазан төңкерісі кезінде билікке келді. 1991 жылғы сәтсіз төңкерістен кейін Ресей президенті Борис Ельцин КОКП-ға тыйым салған соң, 1993 жылы 14 ақпанда Ресей коммунистерінің кезектен тыс екінші съезінде РФКП құрылды. Жаңа құрылған партия өзін РКФСР Коммунистік партиясының мұрагер партиясы ретінде жариялаған.
РФКП тез арада Ресейдегі ең ірі партияға айналды, оның құрылғанынан көп ұзамай 500 000 мүшесі болды, бұл басқа партиялар мүше санынан екі есе көп.
Екінші кезектен тыс съез барысында партияның тең құрылтайшысы Геннадий Зюганов РФКП төрағасы болып сайланды. Бұдан бұрын Зюганов «ұлтшыл-патриоттік» ұйымының төрағасы болды.
РФКП-ның 1995 жылғы парламент сайлауындағы жақсы нәтижесінен кейін ол 1996 жылғы президент сайлауында 6 %-ға жуық рейтингі бар сол кездегі президент Борис Ельцинге қарсы басты оппозициялық күш болды. Ельцинге қарсы тұру үшін Зюганов ұлтшыл ұйымдардан құрылған «халық-патриоттық блок» ұйымдастырды. Ельциннің 54 % дауыспен жеңіске жеткенінен кейін 1996 жылы 7 тамызда Зюгановты қолдайтын коалиция 30-дан астам солшыл және ұлтшыл ұйымдардан тұратын Ресей халықтық патриоттық одағына (НПСР) ресми ұйымға айналды. Одақ құрамында Сергей Бабурин басқарған да болған. Ол 2000 жылғы президенттік сайлауда Зюгановты қолдады.
2003 жылғы парламенттік сайлауда партия жинаған дауыстар күрт төмендеп, 113 мандаттан 52 мандатқа дейін түсті. Зюганов сол сайлаудың әділдігіне күмән келтірді және үкіметті дауыс ұрлау үшін жалған Родина партиясын құрды деп айыптады. РФКП-ны 2007 жылғы Дума сайлауында Сергей Бабуриннің одағы мақұлдады.
2012 жылғы президенттік сайлауда Зюганов 2011 жылғы парламент сайлауындағы заң бұзушылықтарды айыптады, бірақ ол 2011 жылғы желтоқсандағы жаппай шерулердіі ұйымдастырушыларына да қарсылығын білдірді. 2011 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі сайлаудың заңсыздығына наразылық білдірген партиялық митингілерге партияның бірнеше мың жақтаушылары ғана қатысты, негізінен егде адамдар.
2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін РФКП және Зюгановтың өзі соғысты қолдайтынын жариялады.
Басшылығы 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша партияның 85 аймақтық ұйымы, 2350 жергілікті филалы, және 162 163 мүшесі бар. КОКП сияқты, партия Орталық Комитетпен басқарылады.
Сайлаулардағы нәтижелері Президент сайлаулары Сайлау Үміткері 1-айналымы 2-айналымы Нәтижесі Дауыс саны % Дауыс саны %1996 90px ГеннадийЗюганов24 211 68632,0330 102 28840,31 Сайланбады200021 928 46829,21 Сайланбады2004 90px НиколайХаритонов9 513 31313,69 Сайланбады2008 90px ГеннадийЗюганов13 243 55017,72 Сайланбады201212 318 35317,18 Сайланбады201890pxПавелГрудинин8 659 20611,77 Сайланбады202490pxНиколай Харитонов3 768 4704,31 Сайланбады
Парламент сайлаулары СайлауыТөрағасы Дауыс саны % Мандат саны +/– Орны Позициясы(де-юре)1993100pxГеннадийЗюганов6 666 40212,403199515 432 96322,3 115 1 Коалиция (1998–1999)199916 196 02422,29 44 120037 647 82012,61 62 220078 046 88611,57 6 2201112 599 50719,19 35 220167 019 75213,34 50 2202110 660 59918,93 15 2
Дереккөздер
Санат:Ресей саяси партиялары Ресей Ресей