"Батьківщина" Бүкілукраиналық одағы (, қысқартқанда ) — Украинадағы консервативтік, проеуропалық, солшыл популистік және ресми тіркелген саяси партия.
Партияның 1999 жылғы желтоқсаннан бергі төрайымы — Верховна Рада депутаты, бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко. 2011 жылғы қарашада саяси партиялар блоктарының парламенттік сайлауға қатысуына тыйым салынғаннан кейін Юлія Тимошенко блогы ыдырады да, Батьківщина тәуелсіз күшке айналды.
Тарихы Құрылуы Бүгінгі партияның ізашары 1995 жылы Днепропетровск ұлттық университетінің ректоры негізін қалаған «Батьківщина» Бейбітшілік сүйгіш күштер қауымдастығы болып табылады. 1998 жылы Юлія Тимошенко Верховна Раданың халық депутаты болып сайланды.
1998 жылғы 14 қыркүйекте Украинаның Бас прокуроры Громада жетекшісі Павло Лазаренконы ақша жымқырды деп айыптады, және келесі наурызда Тимошенко Громададан бөлініп, «Батьківщина» депутаттық тобын құрды. 1999 жылғы 9 шілдеде депутаттық топ пен басқа кіші партия негізінде жаңа саяси партия, Бүкілукраиналық «Батьківщина» одағы өзінің құрылтай съезі барысында құрылды. Сол күні партияның Жарғысы бекітілді, оған сәйкес партияға «Украинаның тәуелсіздігін, ұлттық бірегейлігін сақтау үшін, елдің еуропалық болашағы және барлық азаматтарының лайықты өмірі үшін күресте украин халқының мүдделерін қорғау» негізгі міндеттер жүктелген. Бірінші партия төрағасы болып Днепропетровск облысынан коммунистік партияның бұрынғы хатшысы болған Віктор Драченко сайланды. Партияны 1999 жылғы 16 қыркүйекте Украина Әділет министрлігі тіркеді. Сол жылғы 18 желтоқсанда орын алған екінші съезде Юлія Тимошенко партия төрағасы болып сайланды.
Юлія Тимошенко блогы 2002 жылғы парламенттік сайлауда партия жаңа құрылған Юлія Тимошенко блогының негізгі құрамдас бөлігі болды. Сайлау нәтижесінде блок парламентте 22 мандатқа ие болды, барлығы партиялық тізім бойынша. Оның 13-і «Батьківщинаға» бөлінді.
нобай|оңға|Батьківщина төрайымы Тимошенконың премьер-министр лауазымына тағайындалуы, 2005
2005 жылғы қаңтарда Тимошенко Віктор Ющенконың президенттігі кезінде Верховна рада келісімімен Украина премьер-министрі болып тағайындалды. Бірнеше ай бұрын ол Ющенконың сайлануына мүмкіндік берген қызғылт сары революция көшбасшысыларының бірі болды.
2005 жылғы наурызда Яблуко (Алма) партиясы Батьківщина құрамына енді, 2007 жылғы наурызда Яблуко Еркін демократтар партиясы болып, Батьківщинадан шықты.
2006 және 2007 жылдардағы парламенттік сайлауларда партия Тимошенко блогының бөлігі болды, ол 2006 жылы 450 мандаттың 129 (жалпы дауыстың 22,29%) және 2007 жылы 450 орынның 156 (жалпы дауыстың 30,71%) жеңіп алды.
2007 жылғы 18 желтоқсанда Юлія Тимошенко екі дауыс артықшылығымен премьер-министр болып қайта сайланды, нәтижесінде «Біздің Украина — халықтық өзін-өзі қорғау блогы» және Юлія Тимошенко блогы көпшілік коалициясы болды.
2009 жылы «Батьківщина» Тимошенконы Украина президенттігіне үміткер ретінде ұсынды. Сайлауда жеңілгеннен кейін парламенттік коалиция өз қызметін тоқтатты, Тимошенконың кабинеті таратылды. Тимошенко 2010 жылғы 22 ақпанда оппозицияға көшетінін мәлімдеді.
2010 жылғы Украинаның жергілікті сайлаулары кезінде партия (саяси блоктардың сайлауға қатысуына рұқсат берілмейтін болды) барлық аймақтарында қарсыласы Аймақтар партиясына қарсы жеңілді.
Батьківщина — Біріккен оппозиция нобай|солға|Еуропа Халық партиясының саммиті, 2011, сол жақтан оң жаққа: Германия канцлері Ангела Меркель, Грузия президенті Михаил Саакашвили және Батьківщина төрайымы Юлія Тимошенко. Партия 2008 жылдан бері Еуропа Халық партиясының бақылаушы мүшесі болып келеді. 2010 жылғы 16 қарашада Верховна Рададағы Юлія Тимошенко блогы Юлія Тимошенко — Батьківщина блогы болып өзгертілді.
Янукович тұсында Тимошенкоға қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. 2011 жылғы 5 тамызда Тимошенко тұтқындалды. 11 қазанда ол 2009 жылғы қаңтарда Ресеймен газ келісім-шарттарын жасау кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
28 қазандағы сайлауға екі апта қалғанда Батьківщина Украинаның реформалар үшін демократиялық альянсының (УДАР) пайдасына 26 кандидатты алып тастады; УДАР оппозицияның дауысын барынша арттыруға тырысып, Батьківщина кандидаттарының пайдасына бір орындық 26 кандидатты алып тастады. Оппозициялық партиялар биліктегі партиядан көп мандат жинап алу мақсатымен Батьківщинаға қосылды.
«Батьківщина» сайлауда де-факто қолшатыр партия болды, оның сайлау тізімінде «Реформалар және тәртіп», «Украина халық қозғалысы», «Өзгеріс майданы», «Украина үшін!», «Азаматтық позиция» және басқа да оппозициялық партиялар болды. 2012 жылғы шілдеде бұл тізімге Қырым татарлары Мәжілісінің депутаттары қосылды. Тимошенконың қамалға алынуы себебінен блок тізімін «Өзгеріс майданы» партиясының төрағасы Арсеній Яценюк басқарды.
Тізім жалпы дауыстың 25,55% жинап, 62 мандатқа ие болды. 225 сайлау округінің 152 бәсекеге түсіп, олар барлығы 101 мандатқа ие болды, бұл Верховна Рададағы 450 мандаттың 22,67 пайызы.
2013 жылғы сәуірдің басында төрт депутат Яценюктың басшылық стиліне наразылық ретінде партиядан шығып, Роман Стаднійчук Сергій Власенконың депутаттық мандатын алуға мәжбүр болды.
2013 жылғы 15 маусымда «Реформалар және тәртіп» партиясы, «Өзгеріс майданы» және Украинаның Халық рухы бір бөлігі (соның ішінде бұрынғы төрағасы ) «Батьківщинамен» біріктірілді.
Еуромайдан Партия 2013 жылғы қарашаның соңында басталып, 2014 жылғы 21 ақпанда шарықтау шегіне жеткен үкіметке қарсы Еуромайдан наразылығында маңызды рөл атқарды. Еуромайдан Януковичтың президенттігін тоқтатқан төңкеріске алып келді. Төңкерістің соңғы күндерінде Юлія Тимошенко үш жыл бойы түрмеде саяси тұтқын отырғаннан кейін бостандыққа шықты және оның беделін Украина Жоғарғы соты мен Еуропалық Адам құқықтары соты қалпына келтірді. Тимошенко партияны реформалауға кірісті және Батьківщина 2014 жылғы парламенттік сайлауға жаңа мүшелермен қатысты.
Янукович биліктен тайып, 2004 жылғы Конституцияны қайтарғаннан кейін «Батьківщина», «УДАР» және «Свобода» партиялары кіретін басқарушы коалиция құрылды. Бұл коалиция Арсеній Яценюк басқаратын коалициялық үкіметті құрды.
Партияның 2014 жылғы мамырдан бері Донбастағы соғысқа қатысқан өзінің Батьківщина батальоны бар.
Еуромайданнан кейін орын алған парламент сайлауы Еуромайдан аяқталғаннан кейін елде парламент сайлауы орын алды. Ол жерде Батьківщина 894,837 дауыс (5,68%) жинап, 17 мандатқа ие болды. Сайлаудан кейін партия қазіргі екінші Яценюк үкіметін қолдайтын коалицияның мүшесі болды және бұл үкіметте партияның бір министрі болды.
Партия 2016 жылғы 14 сәуірде құрылған Гройсман үкіметін қолдайтын коалицияға қосылмады.
2016 жылғы 15 желтоқсанда «Батьківщина» 2014 жылғы парламенттік сайлау тізіміндегі 1-нөмірдегі тұлға, Надия Савченконы парламенттік фракциясынан шығарды. Бұған себебі — Савченконың сепаратистік басшылар Александр Захарченко (Донецк Халық Республикасы) және Игорь Плотницкиймен (Луганск Халық Республикасы) кездесуі.
2019 жылғы сайлаулар нобай|оңға|Батьківщинаның сайлауалды кампаниясы бар биллборд, 2020 жылғы жергілікті кеңестер сайлауы. «Батьківщина тобы — біздің жалғыз үмітіміз» 2019 жылғы наурызда өткен президенттік сайлауда Бүкілукраиналық «Батьківщина» одағынан үміткер болып шыққан Юлія Тимошенко 13.4% (2,532,452 дауыс) жинап, екінші айналымға өтпей қалды. Ол Зеленськийді де, Порошенконы да қолдамады.
2019 жылғы кезектен тыс парламенттік сайлауда Батьківщина жалпы дауыстың 8.18% (1,196,303 дауыс) жинап, 26 мандатқа ие болды. 2019 жылғы 13 қарашада партия оппозицияға шықты.
Верховна Раданың тоғызыншы сайланымында 24 депутаттан құрылған «Батьківщина» фракциясы құрылды. Фракция жетекшісі — Юлія Тимошенко. Фракция 2019 жылғы 29 тамызда құрылған.
Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–) 2023 жылғы 6 шілдеде «Батьківщина» украиналық әскерилерді жаңа медициналық көмек көліктерімен қамтамасыз ету үшін еріктілер тобының құрылғанын жариялады.
Саяси ұстанымы және идеологиясы Партия Украинаның Еуропа Одағында (ЕО) мүше болуын елдің стратегиялық мақсаты деп санайды. Ол украиналықтардың ЕО-на визасыз сапарға шыға алуын қолдайды және «қорлайтын визалық режимдерді жоюды» қалайды. Ол «Ресеймен еркін сауда орнату туралы өзара тиімді және тең келісімге» қол жеткізгісі келетін.
Партияның 2012 жылғы сайлауалды бағдарламасында НАТО жайлы ешнәрсе айтылмаған, бірақ оның 2014 жылғы бағдарламасында партия Украинаның НАТО-ға мүше болғанын қалайтыны айтылған.
Партия жергілікті басқаруды күшейтуді қалайды.
Партия Украинадағы адам құқықтарын жақсартуды қалайды және Голодоморды украин халқының геноциді деп санайды.
2021 жылғы 1 наурызда Верховна Рададағы «Батьківщина» партиясы Ресей мен Беларусьтен электр энергиясын импорттауға тыйым салатын заң жобасын парламентке енгізуді талап етті. Тимошенконың айтуынша, Беларусь пен Ресей электр қуатының импорты елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Батьківщинаның идеологиясы консерватизм, ұлтшылдық, солшыл популизм, социал-демократия, және проеуропизм болып сипатталады.
Сайлаулардағы нәтижелері Верховна Рада сайлаулары СайлауНәтижесі ОрныПозициясыДауыс саны%Мандат саны+/–2002Юлія Тимошенко блогымен біргеЖаңа 5-орында Үкімет (2005)2006Юлія Тимошенко блогымен бірге 107 2-орында2007Юлія Тимошенко блогымен бірге 27 2-орында Үкімет (2007–2010)20125,208,40225.54% 55 2-орында2014893,5495.68% 82 6-орында Коалициялық үкімет (2014–2015) 20191,158,1898.18% 7 3-орында Қолдау көрсеткен (2019)
Президент сайлаулары СайлауҮміткер1-айналым2-айналымНәтижесіДауыс саны%№Дауыс саны%200490px colspan="7" Віктор Ющенконы қолдады 201090px6,159,61025.05%211,593,35745.47%Сайланбады201490px2,310,05012.81%2Сайланбады201990px 2,532,45213.4%3Сайланбады
Дереккөздер
Санат:Украина консервативтік саяси партиялары