Құралай Ғалымжанқызы Анарбекова (1989 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған) — қазақстандық актриса, кинопродюсер, Corich Group компаниясының негізін қалаушы және басшысы.
Өмірбаяны Құралай Анарбекова 1989 жылы 11 маусымда Шалқар қаласында (Ақтөбе облысы) дүниеге келген. Бала кезінен гимнастика және халық биімен айналысқан. Ақтөбе қаласының №40 орта мектебін бітірген. 2005 жылы Ақтөбе политехникалық колледжіне "Мұнай және газды автоматтандыру және басқару" факультетіне түсті. Әлімұлы тайпасынан шыққан.
Білім жолы 2009 жылы Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға (Алматы) оқуға түсті.
2012 жылы Герасимова атындағы ВГИК-ке (Мәскеу) "Кино және теледидар продюсері" мамандығына түсті.
2019 жылдың жазында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде Executive MBA (EMBA) бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Еңбек жолы 2010 жылы атақты қазақ режиссері Талғат Теменовтың "Менің күнәһар періштем" фильмінде Жерар Депардьенің қатысуымен дебют жасады.
Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Қорлан рөлінен кейін танымал болды. 120-ға жуық актриса қыз Қорлан рөліне үміткер болды, бірақ режиссер Құралай Анарбекованы таңдады.
Игорь Толстуновтың "Профит" өндірістік фирмасында жұмыс істеді. "Алтын ұя" және "Дуэт" сериалдарының продюсері ретінде өнер көрсетті.
2016 жылы Нұрлан Қоянбаевтың "Қазақша бизнес" комедиялық фильмінде ойнады.
2017 жылы ол бас продюсер болды және "Брат или брак" комедиясында басты рөлді ойнады, ол қазақстандық кинопрокат рекордын бір жарым есе жаңартып, прокатта 455 миллион теңге жинады.
2018 жылдың мамыр айында Құралай Анарбекова Канн кинофестивалінің ашылуына шақырылды. Ол қызыл кілеммен дат дизайнері Изабель Кристенсеннің көйлегімен жүрді.
2018 жылдың жазында "Брат или брак 2" комедиясының түсірілімі аяқталды. Құралай Анарбекова тағы да бас продюсер болып, басты рөлді сомдады. Фильм 2019 жылдың 31 қаңтарында прокатқа шықты.
2019 жылдың күзінде "Ва-банк" және "ТойХана" атты екі жаңа жоба іске қосылатынын мәлімдеді. 2019 жылдың соңында Құралай Анарбекова Ақтөбенің 150 жылдығына орай медальмен марапатталды.
"Ва-банк" фильмі 2019 жылдың желтоқсанында таныстырылды. Түсірілім үшін Құралай Анарбекова аққұба болды.
"ТойХана" фильмі 2020 жылы шықпады және коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылды. Фильм 2021 жылдың қарашасында жарық көрді.
2024 жылдың көктемінде ол «Брат или Брак 3» фильмін ұсынып, тағы да басты рөлді сомдап, бас продюсер рөлін атқарды..
2025 жылы сәуірде түсіріліп 2026 жылы сәуірде шығатын «Періште» фильмінің бас продюсері болып табылады.
Бизнесвумен және Corich Group, Corich production компанияларының негізін қалаушы және иегері болып табылады.
Қоғамдық белсенділігі 2019 жылдың қаңтар айында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанда жастар жылының ашылу салтанатына қатысты.
2019 жылдың мамыр айында Құралай Анарбекова президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының жастар қанатына кіріп, сенімді тұлға болды.
2022 жылғы Қазақстан президенттік сайлауында ол президенттің сенімді адамына айналды.
Марапаттары 2006 жылы "АӨК аруы" және "Ақтөбе аруы" атақтарын алды. "Қазақстан аруы 2006" байқауында Ақтөбе атынан өнер көрсетті.
2013 жылы "Кино" номинациясы бойынша "Серпер" мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
2018 жылы Forbes Kazakhstan "30-дан кіші 30 табысты қазақстандықтар" тізіміне енді. Сондай-ақ "Шоу-бизнес және спорттың 20 жұлдызы — 2018" рейтингінде 14-ші орынды иеленді.
2019 жылдың қыркүйегінде Құралай Анарбекова үздік әйел рөлін сомдағаны үшін Almaty Film Festival сыйлығын алды.
2025 жылы 26 қазанда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері мемлекетттік нагардасына ие болды.
Жеке өмірі 2025 жылы тұрмысқа шықты.
Фильмография
Дереккөздер
Санат:Қазақстан киноактрисалары