Олексій Григорович Бєлік (; 15 ақпан 1981 жыл, Донецк, Донецк облысы) — украиналық футбошы, шабуылшы. 2004–2007 жылдары Украина құрамасында ойнаған.
Карьерасы Ұлттық құрама сапында 2004 жылы 8 қыркүйек күні Қазақстан құрамасымен ойында алаңға шығып, матчта есеп ашты. Бұл ӘЧ-2006 іріктеуі болатын. Құрамада 2007 жылға дейін ойнады. Көбіне Андрей Шевченконың алмастырушысы ретінде шақырылып, Андрей қатыса алмағанда ғана алаңға шығып жүрді.
2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Тек ширек финалда Италияға қарсы ойында ғана матч барысында алаңға шығып, 20 минуттай ойнады.
1998-2008 жылдары "Шахтер" (Донецк) сапында ойнап, украинаның үш дүркін чемпионы атанды.
Кейін Германияның "Бохум", Украинаның "Днипро", "Металлург" клубтарында доп тепті де, 2012 жылы не бары 30 жасында карьерасын аяқтады.
Жетістіктер
ӘЧ-2006 қатысушысы Украина чемпионы (3): 2001/02, 2004/05, 2005/06 Украина кубогы (2): 2001/02, 2003/04
Марапаттар
III дәрежедегі «За мужність» орденінің кавалері.
Әдебиет Виктор Хохлюк. «Голеадоры». — 2012. — с. 81. ISBN 978-966-158-934-5
Сілтемелер
Санат:15 ақпанда туғандар Санат:Украина футболшылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Бохум ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Металлург Запорожье ФК ойыншылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Днипро ФК ойыншылары