Бозайғыр — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тұзды көл.
Географиялық орны Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 60 га, ұзындығы 1 км, енді жері 0,5 км. Көлдің қазаншұңқыры анық байқалады, ағынсыз. Негізінен қар суымен толығады. Жаз айларында Бозайғырға су құстары ұшып келеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы көлдері