Фархат Мусабекович Мусабеков (3 қаңтар 1994 жыл, Бішкек) — қырғызстандық футболшы, жартылай қорғаушы.
2014 жылы Азия ойындарына, 2019 жылы Азия кубогына қатысты.
Өмірбаяны Фархат футболдағы мансабын 8 жасында Бішкектегі №57 мектептің секциясында бастаған. Бірінші бапкері – Николай Рослов. 2009 жылдан бастап Бірінші лиганың Қант қаласындағы «Живое пиво» (бұрынғы «Абдыш-Ата-2») және «Наше пиво» командаларында ойнады.
2011 жылдан бастап қаладағы басты клуб – «Абдыш-Ата» сапында өнер көрсетті. 2015 жылы ол Эстонияның «Инфонет» клубына ауыспақ болды, бірақ ойыншымен келісімшартқа қол қойылған жоқ.
2016 жылдың қаңтарында ел чемпионатының үздік ойыншысы болып танылды.
Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АТМК ФК ойыншылары Санат:Дордой ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Абдыш-Ата ФК ойыншылары