Ао Танака (; 10 қыркүйек 1998 жыл, Кавасаки) - жапон футболшысы, «Фортуна» клубының және Жапония ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына және 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Карьерасы Ол 2019 жылдың желтоқсан айында Шығыс Азия чемпионатыда Жапонияның негізгі құрамасында тұңғыш ойындарын өткізді, онда екі кездесуге қатысып, күміс медаль жеңіп алды. Ол келесі кезекте 2021 жылдың қазан айында 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне ұлттық құрамаға шақырылып, Аустралияға гол соқты. 2022 жылы Танака Катарда өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысты. Ол Германияға (2:1) және Испанияға (2:1) қарсы топтық кезеңдегі екі ойынға қатысты. 3-ші турдың Испанияға қарсы ойында Танака Жапонияға топта бірінші орынға шығуға мүмкіндік берген жеңіс голының авторы болды, ал Танаканың өзі кездесудің үздік ойыншысы деп танылдыТАНАКА — ЛУЧШИЙ ИГРОК МАТЧА ЯПОНИИ И ИСПАНИИ НА ЧМ-2022 ПО ВЕРСИИ ФИФА.
Жетістіктері
Жапония чемпионы: 2018, 2020 Император кубогының иегері: 2020 Джей Лига кубогының иегері: 2019 Жапония суперкубогының иегері: 2019, 2021 Дереккөздер
Санат:Жапония футболшылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кавасаки Фронтале ФК ойыншылары Санат:Фортуна Дюссельдорф ФК ойыншылары