Шымкент ауданы — Қазақ КСР-нің (1936 жылға дейін - Қазақ АКСР) Оңтүстік Қазақстан облысының 1930-1932 және 1938-1957 жылдары болған әкімшілік бірлігі.

Тарихы Шымкент ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда Казақ АКСР құрамында Бадам ауданы мен жартылай Беловод ауданының, Шымкент қаласының аумағынан құрылды.

1932 жылы 1 ақпанда Шымкент ауданы таратылды.

1938 жылы 14 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында Шымкент ауданы қалпына келтірілді.

1942 жылы Арыс ауданының Қайнарбұлақ, Күмісбұлақ ауылдық кеңестері Шымкент ауданына берілді.

1951 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамына 8 ауылдық кеңес кірген: Алтынтөбе, Қайнарбұлақ, Қаратөбе, Қатынкөпір, Қызылжар, Қызылсу, Күмісбұлақ және Тассай.

1954 жылы Алтынтөбе ауылдық кеңесі Қатынкөпір ауылдық кеңесіне, Тассай ауылдық кеңесі Қызылсу ауылдық кеңесіне қосылды.

1957 жылы 13 қарашада Шымкент ауданы таратылды. Қайнарбұлақ, Қызылсу, Күмісбұлақ ауылдық кеңестері Сайрам ауданына, ал Қаратөбе, Қатынкөпір, Қызылжар ауылдық кеңестері Шымкент қалалық кеңесінің қарамағына берілдіСправочник по истории совхозов Южно-Казахстанской области .

Халқы 1939 жылғы халық санағы бойынша Шымкент ауданында 22 128 адам тұрған. Ауданның ұлттық құрамы мынадай болды: қазақтар – 50,8%, өзбектер – 24,3%, орыстар – 16,2%, украиндар – 4,9%, татарлар – 1,1%

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары