Қазақстанның Польшадағы Елшілігі — Польшада орналасқан Қазақстандық дипломатиялық өкілдік.
Тарихы
Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнатылған.
Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі 2000 жылғы қазанында ашылған.
Әлім Қирабаев 2020 жылдың наурызынан бастап Қазақстанның Польшадағы Елшісі болып тағайындалды.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру; Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Польша Республикасындағы құқықтары мен мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының Польшамен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Польша Республикасымен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту; Қазақстан Республикасының Польша Республикасымен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау; консулдық қызмет; өзге де міндеттер.
Консульдықтар Польшаның Краков, Гданьск, Вроцлав, Катовице және Белосток қалаларында Қазақстан Республикасының бес Құрметті консулдықтары қызмет етуде.
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері