Давид Мамиевич Дегтярев (1996 жылы 12 маусымда туған, Атбасар, Ақмола облысы, Қазақстан) — қазақстандық пауэрлифтер-паралимпиадашы. 2020 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері.

Өмірбаяны Давид Дегтярев парапауэрлифтингпен 2016 жылы айналыса бастады. Дегтярев үшін алғашқы жарыс 2016 жылы Көкшетау қаласында өткен «Надежда» облыстық спартакиадасы болды. 2018 жылы III Азия пара ойындарында екінші орын алды.

2021 жылдың мамырында Тбилисиде 185 кг штанганы көтеріп, Азия рекордын жаңартты және әлем кубогының жеңімпазы болды. Осы жеңістен кейін Дегтярев Паралимпиада ойындары алдында әлемдік рейтингтің көшбасшысы болды. 2021 жылдың 26 тамызында Токиода 2020 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарында 54 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі барлық қатысушылардың ең үлкен салмағын бірінші әрекетте 170 кг, екіншісінде — 172 кг, үшіншісінде — 174 кг көтерді. Барлық 3 тәсілді сәтті аяқтап, Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.

2021 жылдың 29 қарашасында Тбилисиде Давид Дегтярев ерлер арасындағы парапауэрлифтингтен 178 келі штанганы көтеріп, 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

2023 жылдың тамызында Дубайда 180 кг салмақты көтеріп әлем чемпионатында тағы да жеңіске жетті. 2023 жылдың қазан айында Ханчжоуда өткен IV Азия пара ойындарында Давид 186 кг салматы көтеріп алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, Азия мен Азия пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Марапаттары ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2021 жылғы 6 қыркүйек)

Спорттық нәтижелері ЖылТурнирӨткізілу орныСанатНәтижеОрын2017Әлем чемпионаты Мехико54 кг дейін14572018Азиялық пара-ойындар Джакарта1572019Әлем чемпионаты Астана49 кг дейін162520212020 Жазғы Паралимпиада ойындары Токио54 кг дейін1742021Әлем чемпионаты Тбилиси1782023Әлем чемпионаты Дубай1802023Азиялық пара-ойындар 2022 Ханчжоу186

Дереккөздер

Санат:Қазақстан пауэрлифтингшілері