Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитеті — медицина өнеркәсібі, медициналық бұйымдар айналысын бақылау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету салаларына басшылық жасайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы.

Тарихы 2001 жылы қайта ұйымдастырылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрамында Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi болып құрылды. 2004 жылы ол Фармация комитеті, 2007 жылы Фармацевтикалық бақылау комитеті болып өзгертілді. 2009 жылы Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болып екіге бөлініп, Фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне қосылды. 2014 жылы екі комитет ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрамына енді. 2017 жылы қайта құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрамына еніп, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Фармация комитеті болып өзгертіліп, желтоқсан айында оған Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қосылды. 2019 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Фармация комитеті Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып бірікті. 2020 жылы аталған комитет Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті болып екіге бөлінді. 2026 жылы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Медициналық бақылау комитеті және Фармация комитеті болып екіге бөлінді.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы

Міндеттері Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру, құзыретінің шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу Құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 12 басқармаcы бар (2023 жылға): Медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасы Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасы Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасы Медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасы Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы Фармацевтикалық инспекторат және интеграциялау басқармасы Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу басқармасы Кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасы Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар басқармасы Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасы Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасы

Қарамағындағы мекемелер Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер

Дереккөздер

М