Джейн Кэмпион (; 30 сәуір 1954; Жаңа Зеландия, Веллингтон) — Жаңа Зеландиялық кинорежиссёр, сценарист және жазушы. Кэмпионның танымал болуына «Пианино» драмасы жол ашты. Бұл фильм үшін «Канн фестивалінің» «Алтын пальма бұтағы» мен үздік сценарий номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығы табысталды.
Жастық шағы Джейн Кэмпион Жаңа Зеландияда, Веллингтонда дүниеге келді. Ол актриса және жазушы Эдит Кэмпион мен театр және опера режиссері Ричард Кэмпионның Fox. Jane Campion profile — 25-б.McHugh, Kathleen. Contemporary Film Directors: Jane Campion (ағ.). — United States of America: University of Illinois, Urbana, 2007FILM VIEW; Jane Campion Stirs Romance With Mystery, The New York Times (30 мамыр 1993). отбасының екінші баласы. Анасының арғы атасы Роберт Ханна аяқ киім фабрикасының иесі және Жаңа Зеландияның тарихи жәдігері әрі архитектура ескерткіші саналатын «Антрим Хаустың» алғашқы қожайыны болған. Әкесінің отбасы ағайынды Плимуттар діни тобынының қатарында болған. Джейн, оның әпкесі Анна мен інісі Майкл балалық шағын Жаңа Зеландия театры маңында өткізген. Джейннің әкесі мен анасы «Жаңа Зеландия әртістері» Fox. Jane Campion profile — 41-бет деп аталатын театр труппасын ашқан. Джейн тағдырын театр мен кино өнерімен байланыстырамын деп еш ойламаған; Ол 1975 жылы Веллингтондағы Виктория патшайымның университетін бітіріп, антропология ғылымының бакалавр дәрежесін алып шықты.
Джейн Кэмпион 1976 жылы Лондондағы «Chelsea Art School»-ға барып, Еуропа бойынша саяхат жасады. 1981 жылы Сидней университетінің Сидней колледжінде көркем сурет мамандығын тәмамдады. Оның көркем туындыларына сюрреалист суретші Фрида Кало мен мүсінші Йозеф Бойстың шығармашылығы ерекше әсер еткен. Алайда кейінірек Кэмпион бұл өнер түрінде шектеулер көп деп, көркем өнерден көңілі қалып, кинематографияға бет бұрды. 1980 жылы «Баршын» («Парча») деп аталатын бірінші қысқаметражды фильмін жазды. 1981 жылы Аустралия кино, телевизия және радио мектебіне түсіп, 1984 жылы оқуын тәмамдады. Оқып жүрген сәтінде тағы бірнеше қысқаметражды фильм жазды.Mark Stiles, «Jane Campion», Cinema Papers, December 1985, pp. 434—435, 471
Мансабы Кэмпионның «Қабық: Тәртіпке арналған жаттығу» (1982) қысқаметраж фильмі 1986 жылы өткен Канн фестиваліндеAwards 1986 : Competition - Festival de Cannes 2015 (International Film Festival) . Festival-cannes.fr. «Қысқаметраж фильмі үшін алтын пальма бұтағы» жүлдесін алды; оның басқа да «Құмарсыз сәттер» (1983), «Қыздың оқиғасы» (1984) и «Бірнеше сағаттан соң» (1984) қысқаметраж фильмдері 1986 жылы өткен Канн фестивалінде «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасына енгізілді. Джейн Кэмпион Аустралия кино, телевизия және радио мектебін бітіргеннен кейін, ABC арнасына шыққан аустралиялық Dancing Daze (1986) ойын-сауық сериалындағы бір бөлімінде режиссер болды. Одан кейін Ян Чапман продюсерлік еткен «Екі дос» (1986) телефильмін түсірді.
«Қымбаттым» (1989) фильмі Кэмпионның толықметраж кино әлеміндегі режиссерлық дебюты болды. 1989 жылы Канн кинофестивалінде «Алтын пальма бұтағы» сыйына ұсынылды, десе де Стивен Содербергтің «Секс, өтірік және видео» фильмінен жеңілді. Кэмпион режиссурадағы жетістігін Дженет Фрейм есімді жаңазеландиялық жазушының биографиялық және психологиялық портреті сипатталатын «Үстелімдегі періште» (1990) атты фильммен бекітті. Бұл жұмысы үшін 47-Венеция кинофестивалінде] «Күміс арыстан» деп аталатын ерекше сый жеңіп алды. Кемпион «Пианино» (1993) фильмінен кейін халықаралық деңгейде таныла бастады. Бұл фильм 1993 жылы Канн фестиваліндегі басты сый — «Алтын пальма бұтағын» Festival de Cannes: The Piano жеңіп алды. Сондай-ақ «Пианино» 1993 жылы үздік режиссура үшін Аустралия кинематография және телевизия академиясының сыйлығын және үздік сценарий үшін 1994 жылы 66-рет өткізілген «Оскар» жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, Джейн Кэмпион үздік режиссура үшін «Оскар» сыйлығына ұсынылған тарихтағы екінші әйел. Алайда Стивен Спилбергтің «Шиндлердің тізімі» фильмі басып озды.
Джейн Кэмпионның келесі режиссерлық жұмыстары тақырыбы мен жанры бойынша әр алуан еді. «Ханым портреті» (1996) фильмі америкалық жазушы Генри Джеймстің осы аттас романына негізделген; басты рөлдерде Николь Кидман, Джон Малкович, Барбара Херши және Мартин Донован сынды жұлдыздар ойнаған. Кэмпион «Қасиетті түтін» (1999) деп аталатын фильміне басты рөлдегі ер адамды сомдауға «Пианино» фильміне түскен Харви Кейтелді шақырды; ал басты рөлдегі әйел кейіпкер етіп Кейт Уинслет таңдалды. Кэмпионный келесі жұмысы «Құштарлықтың күңгірт тұсы» (2003) деп аталатын эротикалық триллер. Ондағы басты рөлді сомдаған Мэг Райанға әдеттегі амплуаны өзгертуге мүмкіндік берілді. «Жарық жұлдыз» (2009) фильмі — ағылшын ақыны Джон Китс (Бен Уишоу) пен оның сүйіктісі Ванни Браун (Эбби Корниш) екеуінің шытырман қарым-қатынасы туралы айтылатын биографиялық драма. Ол 2009 жылы өткен Канн фестивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетілді.
1999 жылы Кэмпион аустралиялық «Балғын жеміс» драмасында продюсер болды; ал 2006 жылы «Ұрлау: Мегуми Ёкотаның оқиғасы» атты документал фильмнің атқарушы продюсері болды. Кэмпион «Жалғыз» (2012) және «Отбасы бақыты» (2016) деп аталатын қысқаметраж фильмдерде продюсерлік етті. Режиссер Анахита Хазвинизаденің «Олар» (2017) деген фильмінде де Кэмпион продюсерлік еткен.
Кэмпион 2013 жылы халықаралық дәрежеде танылғанTop of the Lake. Rotten Tomatoes Top Of The Lake - Season 1 Reviews, жағымды пікір жинаған «Көл беткейі»Jane Campion to Write, Direct Sundance Channel Miniseries Starring Elisabeth Moss сериалының авторы да, сценаристі де, режиссер және продюсері де болды. Ал фильмде бас рөлді сомдаған америкалық актриса Элизабет Мосс 2014 жылы мини-сериал не телефильмдегі үздік әйел рөлі үшін «Алтын глобус» жүлдесін жеңіп алдыTop of the Lake (2013– ) : Awards. Элизабет 2013 жылы фильм не мини-сериалдағы үздік әйел рөлі үшін «Телевизия сыншыларының таңдауы» деген сый ұтып алды. Сондай-ақ 2013 жылы Элизабет Мосс мини-сериал не фильмдегі үздік әйел рөлі үшін «Эмми» жүлдесіне ұсынылды. Бірақ «„Р“ деген қорқынышты әріп» деп аталатын фильмге түскен Лора Линниден жеңілді. Джейн Кэмпионның өзі де 2013 жылы «Мини-сериал, фильм немесе драма бағдарламасындағы ұздік режиссура» категориясы бойынша «Эмми» жүлдесіне ұсынылдыNominees/Winners | Television Academy. . Алайда жеңіске Стивен Содербергтің «Шырағданның артында» телефильмі жетті.
Джейн Кэмпион 2013 жылы Cinefondation студентер картинасы бағдарламасының және 66-Канн кинофестивалінде қысқаметраж бағдарламаларда қазылар алқасының төрайымы атанды A Palme d'or for the Cinéfondation!. Келесі жылы 67-Канн фестивалінде қазылар алқасын басқарды Jane Campion to preside over Cannes Film Festival jury. 2014 жылы өткен Канн кинофестивалінде жүлделі болған канадалық режиссер Ксавье Долан өз сөзінде «Пианино» фильмі режиссер атануына айтарлықтай әсер еткенін айтты. «Пианино» фильмі оның мықты, қайсар және жігерлі әйел рөлдерін ойлап табуына, әйелдерді ешқашан құрбан не объект ретінде көрсетпеуіне түрткі болған. Осы сөзінен кейін Кэмпион орнынан тұрып, Доланның жанына барып, оны құшақтады.Bear hugs at Cannes as Mommy wins jury prizeXavier Dolan and Jane Campion
2014 жылы Кэмпион Рейчел Кушнердің «The Flamethrowers»Gibson, Megan. Jane Campion in talks to direct the big-screen adaptation of "The Flamethrowers", Time (13 мая 2014). Khatchatourian, Maane. Jane Campion Near Deal to Direct Adaptation of 'The Flamethrowers', Variety (13 мая 2014). романы негізінде фильмінің түсірілімі туралы келіссөзі таяп қалды деген қауесет тарады. Алайда келіссөздер соңына дейін жетпеді.
2015 жылы Джэйн Кэмпион «Көл беткейі» сериалының екінші маусымында режиссер және сценарист болатынын растады. Фильм Сиднейде түсірілді, ал Элизабет Мосс детектив Робин Гриффинді сомдауға қайта оралды.Shechet, Ellie. Season 2 of Top of the Lake Will Take Place in Sydney and Hong Kong, Jezebel (23 июня 2015) «Көл беткейі» сериалының екінші маусымының толық премьерасы 2017 жылы мамырда Канн кинофестивалінде өтті‘Top of the Lake: China Girl’ Trailer Showcases Elisabeth Moss, Nicole Kidman. Ұлыбританияда 2-маусымның премьерасы BBC Two арнасында 2017 жылдың 27 шілдесінде өтті. Сондай-ақ маусым толығымен BBC iPlayer сервисіне салынды.When is Top of the Lake on BBC Two tonight, who does Nicole Kidman play, who else is in China Girl: The Battle of the Mothers? 2017 жылдың қыркүйегінде «Көл беткейінің» 2-маусымы АҚШ-та Sundance арнасында көрсетілдіRubin, Rebecca. SundanceTV Releases New Photos of ‘Top of the Lake: China Girl’ (ағ.), Variety (23 May 2017).. Одан бөлек теледидарда көрсетілген әрбір бөлім келесі күні HuluBen Travers. Top of the Lake Season 2 Trailer: Nicole Kidman in ‘China Girl’ — Watch (ағ.). IndieWire (11 May 2017). сервисіне шығып отырды.
Жеке өмірі 1992 жылы Джейн Кэмпион «Пианино» фильмінің түсірілімінде режиссердің көмекшісі болған Колин Дэвид ЭнглерткеBen Travers. Top of the Lake Season 2 Trailer: Nicole Kidman in ‘China Girl’ — Watch (ағ.). IndieWire (11 May 2017) үйленді. 1993 жылы олардың тұңғыш ұлы Джаспер дүниеге келді. Алайда ол 12 күн ғана өмір сүрдіFranke, Lizzie. Jane Campbell Is Called the Best Female Director in the World. What's Female Got to Do with It? // Jane Campion: Interview (неопр.) / Wexman, Virginia Wright. — University Press of Mississippi, 1999. — 207-бет.. 1994 жылы олардың қызы, кейін актриса атанған Элис Энглерт дүниеге келді. Джейн Кэмпион мен Колин Дэвид Энглерт 2001 жылы ажырастыAlice Englert stars in Twilight successor.
Фильмография Жыл Атауы Түпнұсқа атауы Кімнің рөлінде Сипаттама режиссер сценарист продюсер 1980 Баршын Tissues Қысқаметраж фильм 1981 Азғыру мен жаулап алудың шырмауы Mishaps of Seduction and Conquest Қысқаметраж фильм 1982 Қабық: Тәртіпке арналған жаттығу Peel: An Exercise in Discipline Қысқаметраж фильм 1983 Құмарсыз сәттер Passionless Moments Қысқаметраж фильм 1984 Қыздың оқиғасы A Girl’s Own Story Қысқаметраж фильм Бірнеше сағаттан соң After Hours Қысқаметраж фильм 1986 Ғажап би Dancing Daze Сериал бөлімі Екі дос Two Friends Телефильм 1989 Қымбаттым Sweetie Дебют толықметраж фильм 1990 Үстелімдегі періште An Angel at My Table Толықметраж фильм 1993 Пианино The Piano Толықметраж фильм 1996 Ханым портреті The Portrait of a Lady Толықметраж фильм1999 Қасиетті түтін Holy Smoke! Толықметраж фильм Балғын жеміс Soft Fruit Толықметраж фильм 2003 Құштарлықтың күңгірт тұсы In the Cut Толықметраж фильм 2006 Су күнделігі The Water Diary «8» киноальманахына кіретін қысқаметраж фильм Ұрлау: Мегуми Ёкотаның оқиғасы Abduction: The Megumi Yokota Story Документал фильм 2007 Қызыл қоңыз The Lady Bug «Әркімнің өз фильмі бар» киноальманахына кіретін қысқаметраж фильм 2009 Жарық жұлдыз Bright Star Толықметраж фильм 2012 Жалғыз I’m the One Қысқаметраж фильм 2013, 2017 Көл беткейі Top of the Lake Сериал 2016 Отбасы бақыты Family Happiness Қысқаметраж фильм 2017 Олар They Толықметраж фильм
Сыншылар