OpenAI — жасанды интеллектті дамытуға арналған американдық ғылыми-зерттеу ұйымы. OpenAI жұмысы жасанды интеллектті жалпы адамзатқа пайда әкелетін және зиян келтірмей дамытуға бағытталған. OpenAI "қауіпсіз және пайдалы" күшті жасанды интеллектті дамытуды мақсат етеді, оны ұйым "экономикалық тұрғыдан ең құнды жұмысты орындауда адамнан жоғары автономды жүйелер" деп анықтайды. Осы мақсатқа жету жолында ұйым бірнеше үлкен тілдік модельдер жасады, соның ішінде GPT-4 және ChatGPT.

OpenAI коммерциялық емес ұйымы 2015 жылдың желтоқсанында құрылды; оның тең төрағалары Сэм Альтман мен Илон Маск. Ұйымның және оның коммерциялық еншілес ұйымының негізін қалаушылары мен жетекшілері қатарына жасанды интеллект саласында еңбек ететін ғалымдар мен инженерлер, соның ішінде Илья Суцкевер, Грег Брокман, Тревор Блэквелл, Андрей Карпати және Войцех Заремба да кірді. Ұйым бірқатар ірі инвесторлардан – Y Combinator, Amazon Web Services, Infosys, Рид Хоффман, Джессика Ливингстон және Питер Тильден венчурлық қаржыландыру қабылдады. Сонымен қатар, 2023 жылы OpenAI Microsoft-тан 10 миллиард доллар көлемінде инвестиция тапты.

Сатып алулар 2023 жылғы тамызда OpenAI компанияның 7 жылдық тарихындағы алғашқы сатып алуын жүзеге асырды. Жасанды интеллект негізіндегі креативтік құралдар әзірлейтін Global Illumination стартапын сатып алды.

2024 жылғы маусымда OpenAI корпоративтік аналитикаға арналған шешімдер әзірлейтін Rockset стартапын сатып алды. Келісім аясында компаниялардың командалары мен технологиялары біріктірілмек.

2025 жылғы мамырда OpenAI бұрынғы Apple бас дизайнері Джонатан Айв негізін қалаған io компаниясын 6,5 миллиард долларға сатып алды. Бұл сатып алу жасанды интеллект негізіндегі аппараттық құрылғылар әзірлеуге бағытталған компанияның қадамдарының бірі болды.

Дереккөздер

Санат:Илон Маск Санат:OpenAI