WorldSkills International (WSI, ағылш. тілінде skills — «дағдылар, қабілеттер») — халықаралық қаржылық емес ұйым, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің дәрежесі мен стандарттарын көтеру болып табылады, жұмысшы мамандықтарын дүниежүзі бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы танымалдығын көтеру. 1946 жылы құрылған.Worldskills Kazakhstan қозғалысының сайты
WorldSkills — кәсіптік дағдылар бойынша әлемдік және ұлттық чемпионаттарды ұйымдастыратын және әлемнің әртүрлі бөліктерінде екі жыл сайын өткізілетін, сонымен қатар кәсіптік дағдылар туралы конференцияларды өткізетін халықаралық қайырымдылық ұйымы.
WorldSkills өзін дағдылардың жаһандық орталығы ретінде сипаттайды. WorldSkills International, бұрын Халықаралық кәсіптік оқыту ұйымы (IVTO) ретінде белгілі, Екінші дүниежүзілік соғыста күйреген экономикалардың кейбірінде жастар үшін жаңа жұмыс мүмкіндіктерін құру мақсатымен 1940 жылдары құрылған. Ол 85 түрлі ел мен аймақта жұмыс істейді.
WorldSkills Қазақстандағы ресми сайтындағы мәлімет бойынша бұл жұмыс кәсібі мен шеберлік дағдысының беделін арттыруды көздейтін халықаралық қаржылық емес қозғалыс.
Тарихы 1947 жылы Испания кәсіптік білім беру бойынша алғашқы ұлттық конкурс өткізілді. Азаматтық соғыстан қалпына келген елде білікті жұмысшылардың тапшылығы өткір болғандықтан, ол жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын арттыру және тиімді кәсіптік білім беру жүйесін құруға ықпал етуді көздеді. Аталған идеяның авторы испандық жастар ұйымының бас директоры Хосе Антонио Элола Оласо болды.
Бұл бастаманы бірінші болып Португалия қолдады. Нәтижесінде 1950 жылы бірінші халықаралық Пиреней жарысы өтіп, оған екі елден 12 өкіл қатысты. Үш жылдан кейін жарысқа Германия, Ұлыбритания, Франция, Марокко және Швейцариядан келген бәсекелестер қосылды. Осылайша, 1953 жылы кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу ұйымы – Халықаралық кәсіптік оқыту ұйымы (IVTO) құрылды.
Байқау алғаш рет Испаниядан тыс жерде 1958 жылы Брюссельдегі Дүниежүзілік көрме аясында, ал 1970 жылы алғаш рет әлемнің басқа жерінде – Токиода өтті. 2000-шы жылдардың басында IVTO атауы мен символдарын өзгертті, содан бері WorldSkills International атауымен жұмыс істейді. Бүгінгі таңда WSI көптеген іс-шараларды, соның ішінде аймақтық және ұлттық жарыстарды, құрлықтық чемпионаттарды және екі жыл сайын әлем чемпионатын өткізеді.https://worldskills.org/members/kazakhstan/
WorldSkills Қазақстанда нобай|Worldskills Kazakhstan плакаты Қазақстанда WorldSkills чемионаттары әдетте дәстүрлі түрде Астана қаласында өткізіледі. Мысалы, 2023 жылғы VIIІ мәрте ұйымдастырылған WorldSkills сайысы Астана қаласында өтті.World Skills Kazakhstan 2023 пройдёт в АстанеWORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023 ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТТАРЫ БАСТАЛДЫ«WorldSkills Kazakhstan 2023» байқауы басталды
Жарыстар өткізілетін мамандықтар WorldSkills чемпионатының құрылымы алты негізгі бағытқа бөлінген 45 кәсіби құзыретті қамтиды.
Құрылыс технологиялары Архитектуралық тас қалау , Кірпіш қалау,Кабинет жасау, Ағаш ұстасы, Бетон құрылыс жұмыстары, Электр қондырғылары , Ағаш шеберлігі, Ландшафттық көгалдандыру, Кескіндеме және безендіру, Сылақ және гипсокартон жүйелері,Сантехника және жылыту, Тоңазытқыш және кондиционер , Қабырғалар мен едендерді төсеу Шығармашылық және дизайн Киім дизайны, Флористика, Графикалық дизайн, Зергерлік, Витрина дизайнері, Интерьер дизайны, Дыбыс режиссурасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Ақпараттық кабельдік желілер, АТ желісін басқару, IT бизнес шешімдері, Полиграфия, Веб-дизайн, Жоба менеджменті Өндіріс және инженерлік технологиялар БҚ станоктарындағы фрезерлік оператор, БҚ станоктарында токарь, Металл конструкцияларын өндіру, Электроника, Өндірістегі автоматтандырылған бақылау және басқару жүйелері, Өнімдерді құрастыру, Графикалық CAD дизайны, Мехатроника, Мобильді робототехника, Пластмасса бұйымдарын өндіру, Полимеханика / Автоматтандыру, Прототиптеу, Қаңылтыр технологиясы, Дәнекерлеу Қызмет көрсету мамандары Косметология, Кондитер, Аспаз, Шаштараз, Әлеуметтік қызметкер, Даяшы, Құтқару жұмыстары Азаматтық көлікке техникалық қызмет көрсету Авиацияға техникалық қызмет көрсету, Кузов жөндеу, Автомеханик, Авто бояу
Turkskills жобасы Turkiskills чемпионаты — түркі тілдес елдер арасында кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға арналған жарыс. Бұл жарыс WorldSkills International қозғалысының қағидаларына негізделген және өңірлік ынтымақтастықты нығайту, жастардың кәсіптік-дағдыларын дамыту мақсатында 2025 ж. ұйымдастырылды.
Өткізілген уақыты мен орны Чемпионат алғаш рет өткізілді: 2025 жылы, қыркүйек-қазан айында, Қазақстан Республикасының Ақтау қаласында — өңір “түркі әлемінің мәдени астанасы” ретінде танылған.Ақтауда Turkisskills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. орыс тіліндегі мақала, мамыр, 2025, lada.kz сайты
Жарысқа қатысушылар: 8 мемлекеттен жастар (жасы шамамен 16-22 жас аралығында) және 80-ге жуық жоғары білікті сарапшылар.Turkisskills – 2025: алғашқы кәсіби шеберлік чемпионаты Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді.
Компетенциялар: шамамен 15 негізгі құзыреттілік — ақпараттық технологиялар, құрылыс, өндірістік-инженерлік технологиялар, әлеуметтік және қызмет көрсету салалары.
Мақсаты
Түркі тілдес мемлекеттер арасындағы кәсіптік білім мен дағдыларды дамыту. Жастарды халықаралық деңгейде бәсекелестікке дайындау. Өңірішілік еңбек нарығының талаптарына сай мамандарды даярлау. “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында техникалық-қолданбалы мамандықтардың беделін көтеру.
Ұйымдастырушы және маңыздылығы Чемпионатты ұйымдастырушылар қатарында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен ұлттық операторлар бар. Бұл іс-шара өңірлік кәсіби білім беру жүйесіне серпін бермек және түркі мемлекеттерінің маман даярлау жүйелерін бір-бірімен жақындастыруға мүмкіндік береді.
Дереккөздер
Сілтемелер https://worldskills.org/members/kazakhstan/ Инстаграмдағы парақшасы
Санат:Алфавит бойынша коммерциялық емес ұйымдар Санат:Worldskills Санат:Кәсіби білім беру