Жүсіпбек Аймауытов ауылы (2012 жылға дейін – Жуантөбе)Павлодар облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Қызылтау ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде, Қызылтау тауының солтүстік етегіндегі бұта, жусан аралас бетеге, боз, селеу, төскейшөп өскен қоңыр, ашық қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1128847 574 67,8 421 302 71,7 426 272 63,8

Тарихы Іргесі 1980 жылы “Угольное” ұжымшары негізінде құрылып, кейін “Жосалы” қой кеңшарының орталығы болды. 1996 жылдан оның негізінде Жуантөбеде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат: Баянауыл ауданы елді мекендері