Bosch (толық атауы Robert Bosch GmbH) — неміс трансұлттық инженерлік және технологиялық компаниясы. Штаб-пәтері Германияның Штутгарт маңындағы Герлингенде орналасқан.

Bosch қызметінің негізгі бағыттары төрт бизнес секторын қамтиды: автомобиль технологиялары (жабдық және бағдарламалық қамтамасыз ету), тұтыну тауарлары (тұрмыстық техника және электр құралдары), өнеркәсіптік технологиялар (электр жетектері және басқару жүйелері), сондай-ақ энергетика және құрылыс технологиялары. 2020 жылы сатылымның 59 % құрайтын автомобиль бөлімшесінің арқасында Bosch әлемдегі ең ірі автомобиль жабдықтары мен бөлшектерін жеткізуші болып табылады.

2022 жылы Fortune Global 500 ірі компанияларының тізімінде Bosch 108-ші орынға ие болды.

Bosch компаниялар тобына Robert Bosch GmbH және шамамен 60 елдегі 440 еншілес және аймақтық компаниялар кіреді. Сату және қызмет көрсету саласындағы серіктестермен бірге Bosch компаниясы 150-ге жуық елде ұсынылған.

Дереккөздер

Санат:Германия компаниялары Санат:Трансұлттық корпорациялар Санат:Bosch