(24) Фемида — Негізгі белдеудегі үлкен астероидтардың бірі.

Оны 1853 жылы 5 сәуірде Аннибале де Гаспарис Италиядағы Каподимонте обсерваториясында ашты.

Ежелгі грек мифтерінен белгілі болған әділ соттың құдайы құрметіне орай аталды.

thumb|450px|center|Фемиданың Күн жүйесіндегі орны

Бетіндегі мұз 2009 жылы астрономдар астероидтың бетін мұз қаптап тұрғанын анықтады. Бұл мұздық қабаты бар болғаны расталған алғашқы астероид болды. Ғалымдардың пайымдауынша, астероид түбінде мұздық қабаттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін су резервуарлары болуы тиіс.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар