Өкіл әке () — Марио Пьюзоның аттас романына негізделген, режиссер Фрэнсис Форд Копполаның 1972 жылы шыққан америкалық қылмыстық драмалық фильм. Бұл 1945 жылдан 1955 жылға дейін Вито Корлеоне (Брандо) кезіндегі Корлеоне әулеті туралы баяндайтын «Өкіл әке» трилогиясының бірінші бөлімі. Бөлімнің басты назарында Витоның кіші ұлы Майкл Корлеоне (Пачино) отбасының мәжбүрлі аутсайдерінен қатыгез мафия бастығына айналуы.

Фильм премьерасы 1972 жылы 14 наурызда Лоу мемлекеттік театрында өтті, ал Америка Құрама Штаттарында кең прокаты 1972 жылы 24 наурызда басталды. «Өкіл әке» 1972 жылғы ең көп табыс әкелген фильм болды және біраз уақытқа дейін барлық уақыттағы ең табысты фильм болды (250-291 миллион доллар). Фильм сыншылар мен көрермендердің қошеметіне ие болды. Олар актерлерді (әсіресе Брандо мен Пачиноның өнерін), режиссураны, сценарийін, сюжетін, операторлық жұмысын, монтажын, музыкасын және мафияның бейнесін жоғары бағалады.

Фильм «Оскардың» 45-ші марапаттау рәсімінде «Үздік фильм», «Үздік актер» (Брандо) және «Үздік бейімделген сценарий» (Марио Пьюзо мен Коппола үшін) номинацияларын жеңіп алды. Сонымен қатар Пачино, Каан және Дюваль «Үздік көмекші актер» және Коппола «Үздік режиссер» номинацияларын қоса алғанда «Оскар»дың жеті номинациясына ұсынылды.

«Өкіл әке» бұрын-соңды түсірілген ең үлкен және ең ықпалды фильмдердің бірі, сонымен қатар гангстер жанрының көрнекті туындысы болып саналады. Ол 1990 жылы Ұлттық кино тізілімінде сақтау үшін таңдалды және Америка кино институтының америкалық кинематографиядағы ең ұлы фильмдер тізімінде екінші орында тұр (Азамат Кейннен кейін).

Кейін фильмнің жалғасы шықты: «Өкіл әке 2» (1974) және «Өкіл әке 3» (1990).

Рөлдерде

Музыка

Коппола фильмге музыка жасау үшін итальяндық композитор Нино Ротаны жалдады. Рота фильмге жаңа музыка жазып, итальяндық сезімді қалыптастыру және фильмде трагедия тудыру үшін «Fortunella» фильміне бұрын жазған музыкасының кейбір бөліктерін алды. Копполаның әкесі Кармайн фильмге қосымша музыка жасады, әсіресе үйлену тойының алғашқы сахнасында оркестр ойнаған музыкасын. Фильмнің саундтрегі 1972 жылы «Paramount Records» винил жазбасында, CD-де 1991 жылы «Geffen Records» лейблінде шығарылды.

Музыка «Оскар» жүлдесіне ұсынылды; дегенмен, Академия «Love Theme» 1958 жылғы «Фортунелла» фильміндегі Нино Рота музыкасының қайта жазылған нұсқасы екенін анықтағаннан кейін номинацияны алып тастады.

Марапаттары мен номинациялары Марапат Санат Номинант Нәтиже Оскар Үздік фильм Альберт С. Радди Үздік режиссер Фрэнсис Форд Коппола Үздік бейімделген сценарий Марио Пьюзо және Фрэнсис Форд Коппола Үздік актер Марлон Брандо <small>(марапаттан бас тартты) Үздік көмекші актер Джеймс Каан Роберт Дюваль Аль Пачино Үздік фильм музыкасы Нино Рота Номинациядан алынып тасталды Үздік монтаж Уильям Рейнольдс және Питер Зиннер Үздік костюм дизайны Анна Хилл Джонстоун Үздік дыбыс Бад Гренцбах, Ричард Портман және Кристофер Ньюман «Алтын глобус» Үздік фильм — драма Үздік режиссер Фрэнсис Форд Коппола Үздік сценарий Марио Пьюзо және Фрэнсис Форд Коппола Үздік актер — драма Марлон Брандо Аль Пачино Үздік көмекші актер Джеймс Каан Үздік саундтрек Нино Рота BAFTA Үздік актер Марлон Брандо Үздік көмекші актер Роберт Дюваль Басты рөлді сомдаған ең перспективалы дебютант Аль Пачино Үздік саундтрек Нино Рота Үздік костюм дизайны Анна Хилл Джонстоун «Грэмми» Үздік визуалды медиа саундтрегі Нино Рота АҚШ сценарийшілер гильдиясы Үздік бейімделген сценарий Марио Пьюзо және Фрэнсис Форд Коппола АҚШ режиссерлер гильдиясы Үздік режиссер — көркем фильм Фрэнсис Форд Коппола

Дереккөздер

Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Итальян тіліндегі фильмдер Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Фрэнсис Форд Коппола фильмдері Санат:Paramount Pictures фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ криминалды фильмдері Санат:Гангстерлік фильмдер Санат:Мафия туралы фильмдер Санат:АҚШ эпикалық фильмдері Санат:АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі Санат:АҚШ романдарының экрандаулары