Керкі округі — 1924 жылдың желтоқсанынан 1930 жылдың шілдесіне дейін және 1933 жылдың ақпанынан 1939 жылдың қарашасына дейін болған Түрікмен КСР-нің әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы — Керкі қаласы.

1924—1930 жылдардағы округ thumb|right|200px|Түрікмен КСР картасындағы Керкі округі (1938) 1924 жылы Бұхара ХКР Түрікмен АО бұрынғы Керкі уәлаятының аумағында құрылған.

Бастапқыда 4 түменге бөлінді: Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз.

1925 жылы қаңтарда түмендердің орнына 6 аудан құрылды: Келиф, Керкі, Қызылаяқ, Тасрабад, Халаш, Қожамбаз. Жыл аяғында Қарлұқ ауданы құрылды.

1926 жылы тамызда Келиф және Тасрабад аудандары жойылып, Шаршан ауданы құрылды.

Округ КСРО-ның көптеген округтары сияқты 1930 жылы шілдеде таратылды. Аудандары Түрікмен КСР-іне тікелей бағынуға берілді.

1926 жылғы халық санағы бойынша халық саны 128,3 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 81,5%; өзбектер – 13,9%; орыстар – 3,0%.

1933—1939 жылдардағы округ Округ 1933 жылы ақпанда шекаралық округ (сол кезде КСРО шекарасы бойында құрылатын) ретінде қайтадан құрылды.

Құрамына 7 аудан кірді: Бұрдалық, Қарлұк, Керкі, Қызылаяқ, Халаш, Қожамбаз, Шаршан.

1939 жылы қарашада Түрікмен КСР-де облыстық бөліністердің енгізілуіне байланысты жойылды.

Әдебиет

Санат:Түрікмен КСР округтері