Басқан – Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандары арқылы өтеді.
Бастауы Бастауын теңіз деңгейінен 4 мың м биіктіктегі мұз басып жатқан Басқан тауынан алады. Төменгі жылғасы Аралқұм құмына сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 137 км, су жиналатын алабы 2,7 мың км2. Терең шатқалмен ағатын өзен суының ағысы таудан шыға берісте төмендейді, арнасындағы әр түрлі тасындылар тау бөктеріне шөгеді. Новопокровка ауылы тұсында көп жылдық орташа су шығыны 10,5 м3/с. Суы тау етегіндегі егістікті суаруға жұмсалады. Басқаннан 8 суару каналдары тартылған. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Сарқан ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы