Бақтияр Мұстапаұлы Оразаев «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том(16.7.1923, Қызылорда облысы Сырдария ауданы – 6.8.2001, Алматы) – геофизик, ғалым, геология-минерал ғылымдарының доктары (1970), профессор(1973). Толығырақ Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984), 2-дүниежүзүлік соғысқа қатысқан. Ташкенттегі Орта Азия политехникалық институтын бітірген (1950). 1950 – 60 жылдары Орта Азия политехникалық институтында аспирант, оқытушы, кафедра меңгерушісі. 1960 – 80 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Геология ғылымдар ин-тында бөлім меңгерушісі. 1980 жылдан Қазақ политехникалық институтында (ҚазҰТУ) кафедра меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан тау жыныстарының физикалық қасиеттерін, жердің терең қабаттарының құрылысы мен сейсмикалығын зерттеуге арналған. Еңбектері Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның авторы. Бақтияр Мұстапаұлы Оразаев Қызыл жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Шығармалары: Физические свойства горных пород и геофизические поля, А.-А., 1971; Физические свойства горных пород в глубинных термодинамических условиях, А.-А., 1973 (соавт.); Сейсмические районирование Казахстана, А.-А., 1980. Сілтемелер Ғылым Монография Комитет Қазақстан Дереккөздер
Санат:Тарихи тұлғалар